ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ- ПРЕЗИДЕНТІ АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ
ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ- ПРЕЗИДЕНТІ АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ
Жақында Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті Сәтжанов Қайрат Тұрсынқанұлы Жамбыл облысына арнайы іссапармен келді. Өңірге жасаған бұл сапарында Қайрат Тұрсынқанұлы Жамбыл облысындағы бокс спортының жай-күйін зерделеп, жаттықтырушылармен пікірлесті. Өздеріңіз білесіздер, Сәтжанов Қайрат Тұрсынқанұлы бокстан ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасын баптаған білікті маман.
Өткен аптада Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті Сәтжанов Қайрат Тұрсынқанұлы ауданымызға да келіп, жаттықтырушылармен пікір алмасты. Ауданымыздағы №24 және №25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері бокстан қандай жетістіктер көрсетіп жүргенін де біз ылғи жазып жүрміз. Бұл қос мектептің түлектері елімізде ғана емес, әлемдік додаларда да Қазақ мемлекетінің абыройын асқақтатып жүр. Екеуін қоса есептегенде аталмыш балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бокспен 177 тәрбиеленуші айналысады екен. Олардың арасында да болашағынан үміт күттіретін мықты спортшылар бар.
Өз кезегінде Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті Сәтжанов Қайрат Тұрсынқанұлы да Жамбыл облысының бокстан әрқашан әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Тұрар Рысқұлов ауданында да бокстың жоғары деңгейде дамып жатқанына көз жеткізіп, жаттықтырушылардың еңбектеріне зор табыстар тіледі.
Марат Диханбай.
