Менің атаулы ағашым!

7 Views

«Таза Қазақстан» акциясы аясында білім ошақтары да қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандыру бағытында түрлі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі – Луговой ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі.

Аталмыш мектеп-лицейде жақында «Түлектер күні» аясында «Менің атаулы ағашым»  атты игі іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп түлектерінің туған білім ордасына деген құрметін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және мектеп ауласын көгалдандыру. Акция барысында 9 және 11-сынып түлектері бесенділік танытып, мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Әрбір отырғызылған көшет – түлектердің алтын ұя мектебіне деген ыстық ықыласының белгісі. Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпақтың табиғатқа деген жаншырлығы артып, туған жерге деген сүйіспеншілігі нығая түсуде.

 «Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий