Аудандағы ауыл шаруашылығы саласының жай-күйі Сараланды

18 Views

Аудандағы ауыл шаруашылығы саласының жай-күйі Сараланды

Кеше өткен Қоғамдық кеңес отырысында аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары қаралды.

Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Бейсенбек Әлпейісовтың төрағалығымен өткен отырыста осы салада өткен жылы қандай жұмыстар атқарылғаны туралы аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Темірғали Нәдірұлы баяндама жасады. Сала басшысының баяндамасын мұқият тыңдаған Қоғамдық кеңес мүшелері Темірғали Нәдірұлына баяндама аяқталған соң бірқатар сауалдар қойды. Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Мұратхан Шүкеев, Раушан Жұманқұлова мен Сәтжан Әбдіқадыров саладағы өзекті мәселелерді көтерді. Темірғали Нәдірұлы барлық ұсыныстардың оңды екенін айтып, жүйелі жұмыстар атқарылып та жатқанын айтты.

Қоғамдық кеңесте бұдан басқа тағы да 2 мәселе, яғни аудан бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның ішінде мөлшерін белгілеудің және мұқтаж  азаматтардың  қағидаларын бекіту және  аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 2025 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарылған  жұмыстар қаралды. Отырыс соңында ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

 «Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий