Мерзімді әскери қызметке шақыру жүріп жатыр

13 Views

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңы № 561‑IV бойынша мерзімді әскери қызметке шақыру жүріп жатыр. 2026 жылы мерзімді әскери қызметке шақыру екі негізгі кезеңде өтеді. Наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында.  Шақыруға 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар жатады (құқықтық мәртебеге сәйкес). Хабарламалар қазір электронды түрде де жіберіледі (SMS, eGov). Заңсыз «әскерден босату» қызметтері жоқ және заңға сәйкес шақырудан босатып немесе кейінге қалдыру тек шақыру комиссиясы шешімімен ғана жүзеге асады.  Әрбір шақырылатын азамат медициналық тексеруден өтуге міндетті. Бұл қызметтің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет.

Мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасының заңдары мен мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Бұл сіздің заңдық міндетіңіз және азаматтық борышыңыз болып табылады.

 Тұрар Рысқұлов аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім.

 

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий