Еліміздің үздік оқушылары ақордада қонақта болды
Халықаралық
балаларды қорғау
күніне орай еліміздің әр
өңірінен жиналған 100 үздік
оқушы Қазақстан Республикасы
Президентінің резиденциясы –
Ақордада қонақ болды.
Олардың қатарында пәндік олим-пиа даларда, түрлі шығармашылық
және спорттық байқауларда жоғары
жетістіктерге жеткен дарынды оқушы-лар бар. Осы айтулы шараға №6 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы
Маханбет Ұлан да қатысты. Ұлан – оқу
озаты, түрлі байқаулардың жүлдегері
және мектептің қоғамдық жұмыстарына
белсене араласып жүрген белсенді
оқушы.
Экскурсия барысында оқушыларға
Ақорданың тарихы, сәулеттік ерек-шеліктері және мемлекеттік маңызы
туралы қызықты мәліметтер беріл-ді. Сондай-ақ, олар Президент рези-денциясының көрікті залдарын аралап,
«ЖЫР ЖҮЙРІГІ – ҚАШАҒАН» КІТАБЫН
ТАРТУ ЕТТІ
Вьетнамның Дананг қаласында
23 жасқа дейінгі жастар арасында
өткен Азия чемпионатында жеңімпаз
атанған Нұрданат Айтановты сәрсенбі
күні аудан әкімінің уақытша міндетін
атқарушы Ерғазы Еспенов қабылдап,
жүрекжарді лебізін жеткізіп, сый-сияпат
жасады. Бұл кездесуде Нұрданатқа
Балуанға құрмет
көрсетті
еркін күрестің қыр-сырын үйреткен
алғашқы жаттықтырушысы Асхат
Телекеевке де құрмет көрсетіліп, алғыс
хат берілді. Балуанның анасы Эльмира
Бердібекқызына да Ерғазы Жұмабекұлы
ақ алғысын жеткізіп, гүл шоғын табыс
етті. Аудан әкімдігі денешынықтыру
және спорт бөлімінің басшысы Ерлік
Тоғанбайұлы да Нұрданатқа әрқашан
сәттілік серігің болсын деген тілегін
айтты.
Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі жастар
арасында Азия чемпионы атанған
Нұрданат Айтановқа ауданымыздағы
еркін күрес спортына жанашыр аза-маттар мен жаттықтырушылар 1 000 000
миллион теңге, спортшының алғашқы
жаттықтырушысы Асхат Телекеевке
200 мың теңге қаржылай сыйақы тарту
еткен болатын.
Ересектер арасында қазан айын да
өтетін Азия ойындарында Нұрдана-тымызды тағы да ел қоржы нына медаль
салады деп сенеміз. Нұрданатқа әрқашан
сәттілік серігің болсын дейміз.
Марат ДИХАНБАЙ.
еліміздің басты ғимараттарының
бірімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне
ие болды.
Бұл тағылымды сапар оқушылардың
елге деген сүйіспеншілігін арттырып,
жаңа жетістіктерге жетуге ынталан-дырды.
А.АХТАНБЕРДИЕВ,
№6 мектеп-гимназиясы
директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары.
