Үш өлең

33 Views

Шеңберлі ай

Айлы түннің тылсым сыры көп еді,
Қораланып, айды шеңбер бөгеді.
Көзілдірік әсерінен болар деп,
Жарым көзбен шолып шықтым төбені.
Сырын ұқпай, қараймын да қайтадан,
Тылсым сырдың қызығынан жай табам.
Құдды маған көрінгендей күй кешіп,
Сүйіншілеп үйге жыр ғып айтам ән.
Айды қоршап, шеңгеліне алады,
Сыртқы күштен қорғайтындай араны.
Айдың да анау арашасы бар екен,
Деп үйдегі сендіремін баланы.
Ай мен күнсіз түнек басар әлемді,
Ай болмаса, кімге салам сәлемді?!
Жаңа күнмен үміт күтіп ертеңнен,
Сыйынамын Аллаға айтып кәлләмді.
Зарығумен жерден қарап аспанға,
Айсыз күнге қараудан мен жасқанам.
Ертеңіме елеңдеймін уайым қып,
Қауіптеніп, жерді түнек басқанға.
Айым тұрсын көкте бізді бақылап,
Аймен сәнді түңгі аспан, атырап.
Тыныш күнде көкте кезіп жүрсінші,
Күнім шығып, айым күнде батып-ақ.
Базаркүл ТОҚТАҒАНОВА,
Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

Туған жер

Туған жерім шаһарым, ыстық маған,
Жұртың сенің құдіретіңді ұмытпаған.
Дүниеге шырылдап мен келгенде,
Туған жерім самалыңды ұмытпағам.
Көк майса, қызыл-жасыл көп гүлдерің,
Дәл сендей жер жоқ әркез білемін.
Туған жер көкіремдегі тұмарымсың,
Сен-дағы менің қанған бұлағымсың.
Арманы жоқ бұл мекенде туғандардың,
Жер жетпес саған бәлкім бұл жалғанның.
Алыс кетсем алпыс екі тамырыммен,
Сағынып жүрек жырын сыздап жаздым.

 

Арумысың
ақ айдынның аққуы

Өзгешелік байқалады жандырып,
Өзіңе тән айналадан алдырып.
Арумысың ақ айдынның аққуы,
Сұлулыққа сеніп салған пәк қылық.
Нұрын шашып жанарынан таң нұрын,
Күлімсіреп қарағанда барлығын.
Арумысың ақ айдынның аққуы,
Аппақ жүзің жүрегімде жаңғырық.
Қиығымен көзін салып қарайды,
Ұзын кірпік садағындай арайлы.
Арумысың ақ айдынның аққуы,
Бір-ақ сәттен дөп тигізер талайды.
Қарақат ЖАНАТ,
Мұхтар Әуезов атындағы тірек
мектебінің 2024 жылғы түлегі.
Қазақ ауылы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий