Балуанға құрмет көрсетті
Вьетнамның Дананг қаласында
23 жасқа дейінгі жастар арасында
өткен Азия чемпионатында жеңімпаз
атанған Нұрданат Айтановты сәрсенбі
күні аудан әкімінің уақытша міндетін
атқарушы Ерғазы Еспенов қабылдап,
жүрекжарді лебізін жеткізіп, сый-сияпат
жасады. Бұл кездесуде Нұрданатқа еркін күрестің қыр-сырын үйреткен
алғашқы жаттықтырушысы Асхат
Телекеевке де құрмет көрсетіліп, алғыс
хат берілді. Балуанның анасы Эльмира
Бердібекқызына да Ерғазы Жұмабекұлы
ақ алғысын жеткізіп, гүл шоғын табыс
етті. Аудан әкімдігі денешынықтыру
және спорт бөлімінің басшысы Ерлік
Тоғанбайұлы да Нұрданатқа әрқашан
сәттілік серігің болсын деген тілегін айтты.
Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі жастар
арасында Азия чемпионы атанған
Нұрданат Айтановқа ауданымыздағы
еркін күрес спортына жанашыр аза-маттар мен жаттықтырушылар 1 000 000
миллион теңге, спортшының алғашқы
жаттықтырушысы Асхат Телекеевке
200 мың теңге қаржылай сыйақы тарту еткен болатын.
Ересектер арасында қазан айын да
өтетін Азия ойындарында Нұрдана-тымызды тағы да ел қоржы нына медаль
салады деп сенеміз. Нұрданатқа әрқашан
сәттілік серігің болсын дейміз.
Марат ДИХАНБАЙ.
