АРДАГЕРЛЕР МЕН ӘКЕЛЕР БАС ҚОСТЫ

13 Views

Өткен сәрсенбіде ауданымызда
аудан әкімдігінің қолдауымен Жамбыл
облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі
кеңейтілген төралқа отырысы мен
облыстық Әкелер форумы өтті.
Іс-шара аясында облыстың әр
ауданынан келген ардагерлер алдымен
АРДАГЕРЛЕР МЕН ӘКЕЛЕР
БАС ҚОСТЫ
аудан орталығындағы Ардагерлер
саябағында орналасқан Ардагерлер
үйінің жұмысымен танысты. Қонақтарға
мекеменің тыныс-тіршілігі көрсетіліп,
а р д а г е р ле р г е  ж а с а л ы п  ж а т қ а н
жағдайлар таныстырылды.

Одан кейін өткен көшпелі кеңейтілген төралқа отырысында ардагерлер ұйымдарының жұмысы сараланып, аға буынның қоғамдағы рөлі, жастар тәрбиесі және ұрпақтар сабақтастығы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, облыстың әр өңіріндегі ардагерлер кеңестерінің атқарған жұмыстары сараланып, оларға баға берілді.
Көшпелі төралқа отырысынан кейін қатысушылар жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Әкелер күніне орай ұйымдастырылған облыстық Әкелер форумына қатысты. Форум барысында отбасы құндылықтарын нығайту, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, форумда қатысушылар тәрбие ісіндегі әкенің орны мен отбасы бірлігінің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
Жиын барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа өнеге көрсету және қоғамдағы рухани сабақтастықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Форумда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев білім және спорт саласында жетістікке жетіп жүрген оқушылар мен олардың әкелерін, сондай-ақ, бірқатар аудандық әкелер кеңестерінің төрағаларын марапаттады.
Іс-шара соңында форум қатысушыларына аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Көрермендер өнерпаздардың әсем ән-күйлерін тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
«Құлан таңы» ақпарат.

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий