СОТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ – басты мақсат
Іссапар барысында бірқатар құзырлы органдардың басшыларымен тілдесіп,
аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен жақын танысты. Содан соң
төраға аудандық соттың ұжымымен де жүздесіп, жұмыс барысында кездесетін
мәселелерге ерекше мән берді.
Кездесу барысында сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, азаматтардың
сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ, қызметтік тәртіп пен кәсіби этика
талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Көтерілген мәселелер бойынша
тиісті түсіндірмелер мен нақты тапсырмалар жүктеді.
Іссапар қорытындысында аудандық сот қызметінің тиімділігін одан әрі
арттыруға бағытталған міндеттер айқындалып, алдағы уақытта да жүйелі
жұмыстар жалғастыру керектігі атап өтілді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.
