Әбіш Кекілбаевтың нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік тағылымытәлім
Әбіш Кекілбайұлы мұрасындағы
халықтық педагогика негіздерін,
нақыл сөздерін жас ұрпақ тәрбиесінде
пайдалану, оның идеяларын білім беру
орындарында, білімгерлердің өзіндік
жұмыстарында, ғылыми жұмыстарда
тереңірек зерттеу жүргізуге болады.
Бүгінгі жаңа Қазақстанның дербес
даму жолын таңдау кезеңі жас ұрпақ
тәрбиелеуде халықтық педагогиканың
бастауы мен қайнар көздерінен асыл
қазыналарды, мәдени мұраларды тауып,
оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды
талап етеді. Себебі еліміздің көркейіп,
өркениетті елдер қатарына қосылып,
халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі
ұрпақ бейнесімен көрінеді. Мамандар кез келген халықтың
т а р и х и ғ ы л ы м и о й ы н ,
философиясын зерттеу үшін, рухани
мәдениеттің бөлінбес компоненті
болып табылатын халық есінде
терең ой қалдырған адамдар арқылы
оқып үйренеді. Осы орайда Әбіш
Кекілбайұлының қалдырып кеткен
ғылыми мұрасы еліміздің педагогика
ж ә н е п с и х о л о г и я ғ ы л ы м ы н д а
үлкен даңққа ие, болашақ ұрпақты
тәрбиелеуде оның идеялық, танымдық,
тәрбиелік маңызы өте зор. Әбіш
Кекілбаев шығармашылығындағы
ұлттық этникалық һәм гуманистік-
ізгілік хақындағы ой-толғаныстар
әлемі қазақ жұрты деген ұғымының
аясынан асып түсіп, адамзаттың ең
абзал қадір-қасиеттерімен рухтас иен
кеңістік аумағын қамтиды. Оған мысал
ретінде Қазақстанның халық жазушысы
мемлекет және қоғам қайраткерінің ел
есінде қалған 10 қанатты сөздерінен
мысал келтіре кетсек:
1. Ақиқаттың мекені – жүрек. Оған
мына кеңістіктің бетінде бардың бәрі
сияды. Құдірет жетсе, ерен болмысты
түгел сыйғызып алуға болады.
2. Өмір құбылыстарына психологтің
көзімен қарайтын адам ең алдымен
сол құбылыстың барша озғыны мен
тозғынын, кемелдігі мен келеңсіздігін
көре білетін кейіпкерді табуы, тануы
қажет.
3. Жазушының, ақынның қоғамдық болмыстың тұңғиығына да, асқарына
да бірдей ұмтылған өзгеше еңбегінің
жалғыз-ақ өлшемі бар. Ол – оның
адам жүрегіне қаншалықты жақындай
алғаны.
4. Өткенге әртүрлі қарауға болады.
Өткенге өскенді дәлелдеп қарау бар
да, өшкенді дәлелдеп қарау бар.
Тарихқа өткенде мынандай керемет
едік деп қарайтын көз ұлтшылдықтың
сырқаты. Ал, енді өткеннің бәрін қу
тақырға жорып, қуратып қоятын бір
көзқарас тағы бар. Ол адамзаттың
ежелгі тарихын айналасы бес-алты
ұлттың еншісіне беріп, өзгені шөміштен
қысатын шовинистердің жанына майдай
жағады. Тарихқа деген шын көзқарасқа
бұлардың екеуі де атымен жат.
5 . Өн ер де ш ә кір т т ік сез імін
жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды.
6. Тарих қанмен жазылып қанмен
түзетіледі.
7.Өмір бойы алысып-жұлысып
жүріп пысықайлықпен табылатын
өтірік даңыраға жыл түспей жатып,
көшкен жұрттағы күл төккен төмпектей
жермен-жексен шөгіп, жұтап шыға
келеді.
8. Өмір сүйген ақын азаматтық
ақтық демі таусылар сәттің өзін әзірейіл
көргендей шошына суреттеп, күңірене
күйзелмей, қаншалықты парасатты
бейнелейді. Бұл құбылыс – оның дара
таланты.
9. Адамдар әділ болса, өмір әрқашан
әділ.
10. Арлы адам – ең күшті адам.
Өйткені, ол – өткінші бақыттың,
өткінші қайғының ырқына мойын
ұсынбайды. Әр елдің ойшыл-ғұламалары
озық идеялары өз халқының
тіршілік-тынысымен, ұлттық тәрбие
дәстүрімен тығыз байланыста туып,
өсіп-өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып жетіп отыратынын білеміз.
О с ы л а й ш а ө м і р д і ң ә л е у м е т т і к
жағдайларының өзгеруімен, қоғам
мен тұлға қажеттіліктерінің дамуымен
байланысты халық тәжірибесіндегі
педагогикалық құндылықтар қайта
жасалып, жаңаша сипат алып отырады.
Сөзімізді қорыта келе, Ә.Кекілбайұлы
мұрасындағы халықтық педагогика
негіздерін жас ұрпақ тәрбиесінде
отбасы, отансүйгіштік, адамгершілік,
ізгілік, тәрбие үрдістерінде толық
пайдалану, оны жүйелеп, бүгінгі күннің
талабына сәйкестендіру қажеттілігін
тудырады.
Алима Бердалы,
жас түлек.
Қазақ ауылы.
