Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
32 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Медицина қызметкерлері күніне орай, жақында Тараз
қаласында спартакиада өтті. Осы спартакиадада
Т.Рысқұлов ауданының дәрігерлері жоғары нәтижелерге қол
жеткізді. Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде
ұйымдастырылған жарыста аудан дәрігерлері меркілік әріптестерімен
бірлесіп, «Достық» командасының құрамында өнер көрсетіп, футбол,
волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисінен бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша
«Достық» командасы
жалпыкомандалық
есепте жүлделі
ІІ орынды иеленді. Команда
мүшелері
футбол мен шахматтан
І орынға қол жеткізсе, волейбол
және жеңіл
атлетикадан
жүлделі ІІІ орыннан көрінді. Жерлестерімізді
толағай жетістіктерімен
шын
жүректен
құттықтаймыз!
Аудандық орталық аурухананың
ұжымы қолдау көрсеткені үшін бас
дәрігер Бекебаева Айман Кенжебекқызына,
«QazMed» кәсіподағының
төрағасы Телжан Телеубайұлы
Әбдіқалықовқа
және жарыстың жоғары
деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық
азаматтарға алғыстарын білдіреді.