ҚАРАҚЫСТАҚ ТҰРҒЫНДАРЫ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

27 Views

Кеше аудан әкімі Ернар
Есіркепов Мемлекет
басшысының №826 Жарлығына
сәйкес, Қарақыстақ ауылдық
округінің халқымен кездесті.
Кездесуге аудандық мәслихат
төрағасы Ербол Әбутәліпов пен
бірқатар аудан әкімдігінің бөлім
басшылары да қатысты.

Кездесу барысында алдымен Ернар
Сәрікәліұлы аудан аумағында атқарылып
жатқан толайым тірліктерді
баяндап берді. Оның ішінде ауылшаруашылығы,
кәсіпкерлік және өнеркәсіп
салаларында атқарылған ауқымды
жұмыстар
да бар.
Кездесуде аудан басшысы айрықша
тоқталған бағыт – инвестиция болды.
Айта кетейік, аймаққа инвестиция тарту
бағытында
Жамбыл облысы өңірлер
арасында алдыңғы орынға шығып
отыр. Ауданымызда да бұл бағытта
айтарлықтай
жұмыс атқарылып жатыр.
Оның ішінде Тәжікстан елінен келген
инвесторлардың
Луговой ауылында жүзеге асатын сұйық май зауытын
айтсақ та болады. Одан бөлек те туризм,
кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында
қаншама жобалар іске асырылады. Аудан басшысы Қарақыстақта өткен
кездесуде сол толайым тірліктердің
барлығын егжей-тегжейлі халыққа түсіндіріп айтып берді. Одан кейін кезек
«Сұрақ-жауап» кезеңіне келіп, ауылдық
округ тұрғындары
Жалпақсаз және
Тасшолақ ауылына баратын аудандық
маңызы бар жолдарға асфальт төсеу,
жеңілдетілген пайызбен несие алу,
көшелерге жарықшам орнату, қаңғыбас
иттерді аулау және мемлекет тарапынан
берілетін тегін дәрі-дермекті алу үшін
ұзын-сонар кезекке тұратындарын
айтып, бірқатар мәселелерді көтерді.
Ауылдық округ тұрғындарының
әрбір көтерген мәселелерін мұқият
тыңдаған аудан басшысы Ернар
Серікәліұлы барлық сұрақтарға нақты
мысалдармен жауап беріп, қажеттілігіне
қарай тиісті бөлім және мекеме
басшыларына тапсырма берді. Кездесу
жиынынан соң аудан әкімі қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындарды да
қабылдады.
Марат ДИХАНБАЙ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий