ТУҒАН ӨЛКЕГЕ ТАРТУ: САЯБАҚҚА ТЕННИС ҮСТЕЛДЕРІ ҚОЙЫЛДЫ

20 Views

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда
абаттандыру және қоғамдық орындардың
көркін арттыру бағытындағы жұмыстар
жалғасуда. Бастама аясында тазалық мәдениетін
қалыптастырумен қатар, тұрғындарға қолайлы
жағдай жасауға бағытталған игі істер де жүзеге
асырылып келеді.
Бірнеше жыл бұрын қолға алынған аудандық
орталық саябақ бүгінде тұрғындардың сүйікті
демалыс орнына айналуда. Саябақ аумағындағы
түрлі сәулеттік нысандар мен заманауи спорттық
құрылғылар оның ажарын айшықтап, келушілер
үшін қолайлы орта қалыптастыруда.
Айта кету керек, саябақтың бүгінгі көркеюіне
демеушілер мен жергілікті кәсіпкерлердің қосқан
үлесі зор. Туған өлкенің дамуына үлес қосып
жүрген азаматтардың қолдауымен бірқатар игі
бастамалар жүзеге асырылып келеді.
Кезекті қолдау шарасы барысында аудандық
орталық саябаққа үш бірдей үстел теннисі
орнатылды. Бұл игі бастама ауданның жас кәсіпкері
Ерлан Смәтілдәнің қолдауымен жүзеге асып,
спорттық құрылғылар саябаққа тұрғындардың
игілігі үшін орнатылды. Аталған бастама тұрғындардың бос уақытын
тиімді өткізуіне, жастар мен балалар арасында
бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді.
Саябақ көркі – ортақ жауапкершілік.
Сондықтан қоғамдық орындарды таза ұстау,
ондағы дүниелерді қадірлеу және ұқыпты
пайдалану – әр тұрғынның азаматтық міндеті
екенін ескертеміз.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий