ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТОРТАҚ МІНДЕТ

24 Views

Елімізде 1 шілдеден бастап абаттандыру және елді мекендердің тазалығын сақтауға қатысты заң талаптарына енгізілген өзгерістер күшіне енгені баршамызға белгілі. Бұл талаптар «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бастамалары аясында ел аумағында қарқынды түрде жұмыс істеуде.
Осыған орай, өткен аптада аудан аумағында жергілікті әкімдік пен құзырлы мемлекеттік органдардың бірлесуімен арнайы жұмыс тобы кезекті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аралау барысында көше тазалығы, тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарының қоршауларынан кейінгі бес метр аумақтың санитарлық жағдайы, белгіленбеген орындардағы заңсыз сауда-саттықтың алдын алу, сондай-ақ аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мәселелері назарға алынды.
Жұмыс тобы тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолданыстағы талаптарды кеңінен түсіндіріп, тазалықты сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін жеткізді. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, елді мекендердің көркін арттыруға
және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететіні айтылды.
«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны таза ұстауға үндейтін акция ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба. Сондықтан да туған жердің тазалығы мен көркеюіне әрбір тұрғын өз үлесін қосуы қажет деп есептейміз.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий