16 Views

Т.Рысқұлов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына «Е-өтініш» ақпарттық жүйесі бойынша өтініш берушілерден жиі келіп түсетін тақырып – «Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген және (немесе) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару»
Осыған байланысты аудан тұрғындарының назарына «Салық кодексі» бойынша заңға сәйкес жүргізілу тәртібін ұсынамыз.
122-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген және (немесе) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару тәртібінің негізгі ережелері
1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (есепке жатқызуға жатпайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемді қоспағанда) және өсімпұлдың төленген және (немесе) артық төленген сомасын есепке жатқызуды салық органы ұлттық валютада:
– салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз;
– салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
2. Салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз мынадай реттілікпен:
– артық төленген сома түзілген және төлеу мерзімі басталған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын төлеу;
– мынадай:
артық төленген сома түзілген салық, бюджетке төленетін төлем түрі бойынша;
– салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу;
– осы тармақтың 2- тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша өсімпұлды өтеу;
4) осы тармақтың 2- тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.
3. Салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу:
– салық төлеушіде және (немесе) осындай салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінде салықтық берешек болмаған жағдайда, осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер;
2) мыналардың:
– осындай салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінің;
– егер салық төлеуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылса, мұндай заңды тұлғаның осындай өтінішінде көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша салықтық берешекті өтеу есебіне жүргізіледі.
4. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемді қоспағанда), өсімпұл мен айыппұлдың төленген және (немесе) артық төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде салық төлеушінің осындай өтініште көрсетілген банктік шотына аудару арқылы жүргізеді.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін салық органының салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген және (немесе) төленген сомасын, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруы деп салық органының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті төлем тапсырмасын ұсынуы түсініледі.
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың төленген, оның ішінде артық төленген сомаларын қайтаруды салық органы салық төлеуші мен оның құрылымдық бөлімшесінде салықтық берешек болмаған кезде жүргізеді.
Салықтық берешек болған жағдайда қайтару осы баптың 3-тармағының 2-тармақшасына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген сомасының қалдығы есепке жатқызуды жүргізгеннен кейін қайтаруға жатады.
123-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу және қайтару тәртібін айқындау және оның негізгі ережелері
1. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:
1) төлем құжатында:
салық төлеушінің немесе салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
– төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;
– банк ұйымы салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;
– тіркеу есебінде тұрмайтын немесе салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын салық төлеуші төлеуді жүргізген сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.
2. Осы бапта көрсетілген қателердің біреуінің бар екендігі расталған кезде салық органы:
– бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына және (немесе) тиісті салық органына қате төленген соманы есепке жатқызуды жүргізеді;
– салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.
3. Банк ұйымының сол бір төлем құжаты бойынша салық, бюджетке төлем, өсімпұл сомасын қайта аударуға алып келген салық төлеушінің төлем құжатын қате орындау фактісі расталған кезде салық органы банк ұйымының өтініші бойынша қате төленген соманы:
– банктік шоттан ақша есептен шығарылған немесе банк ұйымының электрондық терминалы арқылы төлем қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылған жағдайда – салық төлеушінің банктік шотына;
– ақша банк ұйымына қолма-қол ақшалай енгізілген немесе төлем банк ұйымының электрондық терминалы арқылы қолма-қол ақшалай нысанда жүзеге асырылған жағдайда, банк ұйымының банктік шотына қайтаруды жүргізеді.
4. Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішінде немесе банк ұйымының өтінішінде көрсетілген қателердің бар екенін растамаған кезде салық төлеушіге немесе банк ұйымына тиісті хабарлама ұсынылады.
АУДАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий