ҚИЫНДЫҚТАН ШЫҚҚАН ОТБАСЫ – ҚОҒАМ ҚАМҚОРЛЫҒЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Отбасы – қоғамның алтын
діңгегі, ұлттың ұйытқысы. Әрбір
шаңырақта береке мен бірлік
салтанат құрғанда ғана қоғам
тұрақты дамып, мемлекет нығая
түседі. Дегенмен өмірде түрлі
әлеуметтік, экономикалық немесе
тұрмыстық қиындықтарға тап
болып, қолдауды қажет ететін
отбасылар да кездеседі. Осындай
сәтте дер кезінде көрсетілген көмек
олардың еңсесін тіктеп, жаңа өмір бастауына жол ашады.
Осы бағытта Т.Рысқұлов аудандық
Отбасын қолдау орталығы жүйелі
жұмыстар жүргізуде. Жыл басынан бері
ауданға қарасты 15 ауылдық округтің
ішінен Ақниет ауылдық округіне
зерделеу жұмысы ұйымдастырылды.
Зерделеу нәтижесінде Ақниет ауылдық
округінен қиын өмірлік жағдайға тап
болған 15 отбасы анықталып, әлеуметтік
сүйемелдеуге алынды.
Әр отбасының жағдайы жеке
қаралып, қажеттілігіне қарай әлеуметтік,
психологиялық және заңгерлік көмектер көрсетілді. Мамандар отбасы
мүшелерімен жеке кездесулер өткізіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, психологиялық ахуалын жақсартуға
және тұрмыстық қиындықтарды еңсеруге бағытталған
жұмыстар атқарды.
Сүйемелдеу жұмыстарының басты мақсаты –
отбасыларға бір реттік көмек
көрсетумен шектелмей, олардың
өздігінен өмір сүру деңгейін
жақсартып, қоғамға бейімделуіне
ықпал ету.
Қиындық – уақытша сынақ. Ал
оған төтеп беруге мемлекет қолдауы,
қоғам жанашырлығы және отбасы
мүшелерінің өзара ынтымағы үлкен
күш береді. Сондықтан қиындықтан
шыққан әрбір отбасының табысы – тек
сол шаңырақтың ғана емес, қоғамның да ортақ жетістігі.
Алдағы уақытта да Отбасын қолдау орталығы тұрғындардың өмір
сүру сапасын жақсартуға, отбасылық
құндылықтарды нығайтуға және қиын
өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету
бағытындағы жұмыстарын жалғастыра
бермек.
Э.ЖУНИСОВА,
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
Отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің әлеуметтік қызметкері.

