Кітаппен бірге – кемел келешекке
Қарақыстақ аймақ кітапханашыларының
ұйымдастыруымен Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаевтың «Шалғайдағы ауыл»
бастамасы аясында Жалпақсаз ауылының
тұрғындарымен «Көшпелі кітапхана» жобасы
бойынша «Кітаппен бірге – кемел келешекке»
атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі және қоғамдағы маңызы туралы кеңінен
айтылды. Кітап оқудың білімді арттыруға, ой-өрісті кеңейтуге, сөздік қорды байытуға және
адамның рухани дамуына ықпалы түсіндірілді.
Қатысу шылар кітапхана қорына жаңадан келіп түскен әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар өздері оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, сүйікті шығармаларынан үзінділер оқыды. Кітапханашылар кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырудың маңыздылығына тоқталып, оқырмандарды көркем әдебиет оқуға шақырды.
Іс-шара барысында кітапханашы кітап оқудың адамның білімін жетілдірудегі, дүниетанымын кеңейтудегі және рухани дамуына әсер етудегі рөліне ерекше назар аударды. Соны мен
қатар қатысушылар кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастар арасында әдеби шығармаларды насихат тау және кітапхана мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Кітап көрмесі тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітап оқудың маңызын
насихаттауға бағытталған мазмұнды іс-шара болды.
Ғалия АЛИМОВА,
Қарақыстақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

