Бұл – Советский Бақытжан
15 ViewsБЕЛГІЛІ САТИРИК, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ БАҚЫТЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ БИЫЛ АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА ТОЛЫП ОТЫР. ЕҢБЕК ЖОЛЫН 1984 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ…
БЕЛГІЛІ САТИРИК, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ,
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ БАҚЫТЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ БИЫЛ АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА ТОЛЫП ОТЫР.
ЕҢБЕК ЖОЛЫН 1984 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ «ШҰҒЫЛА-РАДУГА» ГАЗЕТІНДЕ БАСПАХАНАШЫ
БОЛЫП БАСТАҒАН ҚАЛАМГЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «САНАТ» БАСПАСЫНДА РЕДАКТОР, САТИРАЛЫҚ
«АРА-ШМЕЛЬ» ЖУРНАЛЫНДА ФЕЛЬЕТОНИСТ ҚЫЗМЕТТЕРІН АТҚАРҒАН. 1994 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ
ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ, 2004-2006 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН
ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ, 2006-2014
«ҚАЗАҚСТАН» РТРК ЖОФ ДИРЕКТОРЫ, 2014-2017 ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ
МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ БОЛДЫ.
2017 ЖЫЛДАН ҚАЗІРГІ КЕЗГЕ ДЕЙІН ЖАМБЫЛ РАДИОСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ. «КҮЙЕУ КЕЛТІР,
ҚЫЗ ҰЗАТ, ТОЙЫҢДЫ ҚЫЛ» АТТЫ ТОЙ КІТАБЫНЫҢ ЖӘНЕ «МЕН ДЕ БІРДЕҢЕ ДЕЙІНШІ…», «ЕРІН
ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ», «БҰЛ МЕН ҒОЙ» САТИРАЛЫҚ ЖИНАҚТАРЫМЕН «ҚОЯННЫҢ ҚҰЛАҒЫ НЕГЕ
ҰЗЫН?» АТТЫ БАЛАЛАР КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ. САТИРАНЫҢ САБАСЫН МОЛЫНАН САПЫРЫП,
АСТАРЛЫ ӘЗІЛДІҢ КӨРІГІН ҚЫЗДЫРЫП ЖҮРГЕН ЖАЗУШЫНЫҢ БІР ТОП ҚАҒЫТПАСЫН
ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫП ОТЫРМЫЗ.
ТЕЛЕАРНА
ХИКАЯЛАРЫ
Сол кездегі телеарна басшысы
Мұса Рахманбердиевтің:
– Бақытжан қайда, Бақытжан? – деп
коридорды басына көтере айқайын
естіп, «Басеке мен мұндамын», – деп
кабинетімнен атып шықтым. Сол, сол-ақ
екен директорым дүрсе қоя берді.
– Әй, осы, сен қай жерде жүргеніңді
білесің бе? – дейді.
– Білемін, телеарнада.
– Жоқ, сен қай елде жүрсің? – деді
ол одан бетер ашуланып.
– Енді Қазақстан ғой, – дедім
міңгірлеп.
– Ал онда буйвол, зебра Қазақстанда
бар ма өзі, айтшы, – деді айқайлап.
– Жоқ, – дедім жұлып алғандай.
– Жоқ болса, кеше сенің «Ауыл –
алтын бесік» хабарыңда төрт түліктің
бәрі… деп оттай келе түйе, жылқы,
сиырдан соң қой мен ешкіні көрсетіп,
одан соң буйвол мен зебраның жүйткіп
жүргенін эфирден бергенің не? – дейді
ол зекіріп. Мен не д ей і н « к е ш і р і ң і з ,
кешіріңіз» деп міңгірлей
бердім. Мәселенің мәнісі кейін белгілі
болды. Мойынқұмның қорығы туралы
хабарды жасап жатқан режиссер менен
«оператор түсіріп әкелген малдың
видеосы жетпейді, не саламыз?» деп
сұрағанда, өзім сыртта жүргендіктен,
«жетпесе архивтен ал да, төрт-түліктің
түгін қоймай сала бер» дегенмін ғой.
Ал анау «данышпан-режиссеріміз» біз
өңіміз емес, түсімізде көрмеген зебраны
да салыпты, буйволды да беріпті. Не
керек ештеңе аянып қалмаған-ау
шіркінің. Әйтеуір басшымыздың айқайы
зор болғанымен қайтуы да тез еді. Бұл
жолы да қоңыраулатып қуған жоқ.
Кейін мені көрсе басын шайқап, «Зебра
мен Буйволымыз аман ба, Бақытжан?» –
деп күліп жүруші еді, жарықтық.
* * *
Өт п е л і к е з е ң к і м г е о ң а й
болды дейсіз. Телеарнаға да
қиыншылық салқыны тиді. Жаппай
қысқарту салдарынан редактордың
ө з і о п е р а т о р т і р л і г і н а т қ а р ы п ,
зілдей камераны арқалап, түсіруге
машықтанды. «Баланс» деген атымен
жоқ. Әйтеуір адамның сұлбасы көрінеді.
Ақша орнына азық-түлік беріледі. Оны
сатасың ба, жоқ әлде өзің жейсің бе,
ешкімнің шаруасы жоқ. Бір күні қой
таратты. «Ет жейтін болдық» деп біз
де мәзбіз. Қызықтың көкесі телеарна
алдында жүк көлігінен қойды түсіріп,
ұстата салғанда болды. Қойдың
мойнында жіп жоқ. Бәріміз абдырадық
та қалдық. Әйел байғұстар улап-шулап
жатыр. Оларға көмектесейік десек,
өз қойымыз бар. Қаланы көрмеген
қой аспанға атқиды. Бір-екеуінің
қолынан босап та кетті. Оны қуатын
шама қайда? Әркімнің өз қойы бар. Бір
кезде менің де қойым қолымнан қалай
сусып шыққанын байқамай қалдым. Ал
кеп қуайын. Күздің күні. Қас қарайып
кеткен. Өзі қара қой. Қараңғыға сүңгіп
жоқ болды. Адасып қалған маған енді
мал емес, жан қайғы боп жаяулатып
үйге жеттім. Киімімнің алба-жұлбасы
шығып, басым салбырап кеткен мені
көріп әйелімнің есі шықты:
– Не болды? – дейді.
– Ештеңе, жалақыға қой берді,
– Е, онда жақсы ғой. Ет жейтін
болдық, сойып әкелдің бе? – деп әйелім
тықылдап қояр емес.
– Атаңның басы дедім. – Тірідей
әкелген. Оны қалай жеткізем. Автобусқа
кіргізбейді. Таксиге берер теңгем жоқ.
– Енді не істедің? – дейді әйелімнің
көзі шарасынан шығып кетердей боп.
– Не істеуші едім, қаланы көрсін деп
қыдыртып жібердім.
– Неге, есің дұрыс па?
– Баршы, басты қатырмай. Қашты
да кетті…
– Енді…
– Енді ет те, етті жейтін бет те
жоқ, – дедім айқайлап. Шынында да
сол қой бұйырмады. Бүйткен қойы
құрсын, бір айлық еңбегіміз зая кетті.
Абырой болғанда, одан соң бізге қой
таратпайтын болды.
ГЕНЕРАЛ
Телеарнаға тілші болып тұрған
алғашқы жылдары «Сорос»
қорының қаржыландыруымен Оңтүстік
өңірлер – Алматы, Қызылорда, Жамбыл
және Шымкенттен бір-бір тілші мен
оператор Шым қалада семинарға
қатысып , тәжіри бе жи н ақтауғ а
шақырылдық. Тараздан Ермек Асаубаев
екеуміз барғанбыз. Күн суық. Біз түскен
қонақүй де азынап тұр. Жолға ала
шыққан шөлмегімізді барған күні-ақ
шүйіркелесіп, табысқан әріптес тілші-
операторлармен жайғап тастағанбыз.
Ертесі күні семинардан соң бәрімізді
шымкенттіктер қонақүйдің астындағы
мейрамханада күтті. Қызылордалықтар
да қарап қалмады. Келесі күні олар
да дәл сол мейрамханаға шақырды.
Сәрсенбінің сәтті күнінде алматылықтар
да дастарқан жайып, тағы бір жырғап
қалдық. Байқаймын, кезек бізге
келіп тұр. Келгенде бөлмеде бәрінің
басын қосып, жайған дастарқаным
саналмайтын сияқты. 3-4 күн бойы
қалада қарап жүрген жоқпыз. Ана
жақ, мына жаққа барамыз, ананы-
мынаны аламыз дегендей, ақшаның
мәнісі жоқ. Әйтсе де намыс шіркін
жібермейді. Ерема екеуміз нар тәуекел
деп әріптестерімізді бастап, басқалары
қоштап, мейрамханаға бет түзедік. Мен
кірген бойда әдемі жас келіншекпен
отырған әскери адамға көзім түсті.
Шені анша-мұнша емес, генералдың өзі.
Қасына жақындай бере:
– Здраю-желаю, товарищ генерал! –
деп честь беріп, қалшиып тұра қалдым.
– Вольно! – деген ол ерекше
ілтипатпен басын изеп, сәлемімді алды. Біз топырлаған тобымызбен
арырақ өтіп барып, екі үстелді
біріктіре жайғаса қалыстық. Бір
шөлмекті сырттан ала келгенбіз. Енді бір
шөлмекпен қоса, тіске басар салат пен
жеңіл-желпі арзандау деген тағамдарға
тапсырыс бердік. Ащы суымыздың
алғашқысы екі айналдырғанда жоқ
болып, екіншісінің де түбі көрініп
қалған. Осы кезде даяшы қыз қасыма
келіп: «Сізді генерал шақырып
жатыр», – деді. Мен орнымнан
лып етіп көтеріліп, қасына жетіп
бардым. Келген бойда генерал маған:
– Служил? – деп сұрады.
– А как же. Мы же в Афгане
были. Я был в вашем полку, – деп
саңқ ете қалдым. – Ах, вот оно что?!
Мой дорогой! Мой солдат! Ты садись,
садись, – деп қасынан орын берді.
Екеуміз «за афганцев» деп бірінен соң
бірін бастырмалап алып жібердік.
Сәлден соң үстеліме келсем жігіттер,
«Ол кім? Қайдан танисың?» – деп сұрап
жатыр. «Ауғандағы менің командирім
болған», – деп қойдым. Бір уақытта
біздің үстелге даяшы қыз бір бөтелке
арақ пен бір коньяк әкеп тұр. Қалтамда
көк тиын қалмаған. «Тапсырыс бергем
жоқ қой!» – деп шошып кеттім.
– Это от генерала, – дейді официант.
«Ну неудобно», – дей беріп едім.
«Берите, а то он обидится», – деп
әкелгендерін үстелге қоя салды.
Генералға қол бұлғап, басымызды иіп
ризашылығымызды білдіріп жатырмыз.
Әлден уақытта даяшы қыз тағы да
бізге бір шөлмек, жартылай коньяк
және шампан әкеліп қойып кетті.
Тағы да генералдан екенін бәріміз
сезіп отырмыз. «Құдай берем десе
фортышкадан да береді» деген рас-ау.
Менің абыройым асқақтап, «Афганец
– друг генерала» атандым. Есіргенім
сонша музыканттарға «музыка!» деп
айқайлап, ортаға шығып тасырлатып
билеп жүрмін. Музыкаға тапсырысты
беретін – мен, төлейтін – генерал. Оның
қасында отырған сылқым бикешті де
секіртіп билетіп қоямын. Әйтеуір, ол
жақтан қалай кеттік, бөлмеге қалай
жеттік есімде жоқ. Оянып кетсем, шөл
қысып жатыр екен. Коридорға шықсам,
буфетте генералым отыр. Мені көріп
қасына шақырды. Іздегенге сұраған.
Жанына жетіп бардым. Ол стаканға
толтыра құйған коньякты қолыма
ұстатты. Мен де қайтқам жоқ. Қотара
салдым.
– Молодец, – деп арқамнан қаққан
ол, – как вчера погуляли? – деп сұрады.
– Отлично, – дедім.
– Кстати, в Афгане каком месте
служил? – деп сұрады.
– Кашмир, – дедім мен де міз бақпай.
– А-а-а-а, – деген ол бетіме енді
байыппен қарап, – хочешь я тебя правду
скажу?
– Да, конечно, – дедім мен.
– Я никогда не служил в Афгане.
– Разрешите мне тоже сказать
правду, – дедім мен де.
– Разрешаю!
– Я тоже никогда не был в Афгане, я
Мурманске служил, товарищ генерал, –
дедім. Бетіме қарауға бет жоқ. Енді не
болар екен деп ішімнен тымып тұрмын.
– Ах черт!.. – деп алақанын шарт
еткізген.
– Вот ты даешь, вот ты сукин
сын, – деп мәз-мейрам болды да
қалды. Бір уақытта буфетшіге:
– Моему солдату шампанское и
Армянского коньяка, – деді.
– Не надо, не пью, – дегеніме
қарамастан, екі қолыма екеуін ұстатты
да, – смирно! Кругом! Шагом марш! –
деп әмірлі дауысымен әскери бұйрық
берді. Маған да керегі сол еді. Кешелі
бері сыйлап жатқан генералыма риза
көңілмен «Честь имею!» деп қалшиып
тұра қалдым да, кілт бұрылып адымдай
аттап алға басып кете бардым.
ШЫМКЕНТШЕ ЖАҚСЫ
КӨРУ
Шымкенттік досым Серік
Ә б д у л і м ен Қ а з а қ с т а н
ұлттық телеарнасында тілші болып
бірге қызмет атқардық. Ол Түркістан
облысының (бұрынғы Оңтүстік
Қазақстан облысы), мен Жамбыл
облысының тілшісі болдым. Сол
досымның Астанаға тілшілерді есеп-
беру жиынына шақырғанда шапағатын
көп көрдім. Әсіресе қаражат жағынан.
Қолма-қол ақша алған емеспін.
Дегенмен, мейрамханада меншікті
тілшілермен бас қосқанда немесе
жергілікті журналистермен отырғанда
«Бақытжан ағам екеуміз үшін мен
төлей салам» деп, талай рет қаражаттан
қысылып жүргенде құтқарып жіберген.
Сол Секеңнің бір «әттеген-айы» бар
еді. Ол өзіміздің ортамызда өзімсінген
жігіттерді шымкентский «шешеңнен»
шиқылдататыны. Бір күні тағы бір
кезекті көңілді отырыстан кейін, екеуміз
оңаша қалғанда оны ұялтайын деп:
– Секе сен керемет жігітсің, бірақ бір
«но» бар, – дедім.
– Қандай «но»? Түк түсінбедім,
шешең… Бәке, бетіме айтсаңшы,
шешең… Менің ешкімге жамандығым
жоқ қой, шешең… – деп өзі сезбегенмен
бізді құлағымызға түрпідей тиіп, сол
баяғы «шешеңмен» тұздықталатын
сөздері құлақты тағы да тұндырып
барады.
– Міне, сенің «ноң» – осы. Өзің
байқамайтын шығарсың. Бірақ қазірдің
өзінде сенің «шешең» деген тұрпайы
сөзіңе тойдым. Анадан асқан ардақты
ешкім жоқ екенін білесің. Осыны
қойсаңшы, – дедім. «Оның мінін
бетіне басқанымды дұрыс түсініп, енді
қайталамайтын шығар» деп тұрмын
ішімнен. Қайдағы. Сондағы Серігімнің
айыбын мойындап, кешірім сұраған
сөзінің түрі мынадай болды.
– Б ә к е , м ен с ен і ө л с е м д е
боқтамаймын ғой, шешең. Сенің анаң
– менің де анам ғой, шешең. Сен менің
ең жақын досымсың ғой шешең. Айып
етпе, кешірші шешең… Тәрбиемнен түк шықпайтынын
түсінген мен қолымды бір-ақ
сілтеді