Жемқорлық – адамдардың әділдікке деген сенімін азайтады

11 Views

Жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін үлкен мәселе. Ол елдің болашағына зиян тигізіп, адамдардың әділдікке деген сенімін азайтады. Жемқорлық дегеніміз – өз қызметін пайдаланып, заңсыз пайда табу. Мысалы, біреудің пара алуы, таныс арқылы заңсыз жұмыс бітіруі немесе мемлекет қаржысын жеке басына жұмсауы – жемқорлықтың түрлері.
Жемқорлық білім беру, медицина, экономика және басқа да салаларға кері әсер етеді. Егер жемқорлық көбейсе, әділ адамдардың құқығы бұзылады. Елдің дамуына бөлінген қаражат өз мақсатына жетпеуі мүмкін. Бұл халықтың тұрмысын қиындатады.
Жемқорлықпен күресу үшін әр адам адалдықты бағалауы керек. Адамдар заңды сақтап, пара беруден және пара алудан бас тартуы қажет.

Мемлекеттік қызметкерлер өз міндетін әділ орындауы тиіс. Сонымен қатар жемқорлықтың зияны туралы жастарға түсіндіру маңызды.
Жастар – еліміздің болашағы. Біз кішкентай кезімізден адалдыққа, әділдікке және жауапкершілікке үйренуіміз керек. Мектепте де, күнделікті өмірде де шыншыл болу – жақсы қасиет.
Жемқорлықты жою бір күнде жүзеге аспайды. Ол үшін бүкіл қоғам бірігіп әрекет етуі қажет. Әрбір адамның адал ісі елдің дамуына үлес қосады.
Қорытындылай келе, жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін қауіпті құбылыс. Онымен күресу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Адалдықты ту етіп, жемқорлыққа жол бермейік!
Ж.АДИЛОВ,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий