Бұл – Советский Бақытжан
7 ViewsБЕЛГІЛІ САТИРИК, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ БАҚЫТЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ БИЫЛ АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА ТОЛЫП ОТЫР. ЕҢБЕК ЖОЛЫН 1984 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ…
Күнделік жазуды көптен бері
қолға алғым келіп жүрген. Оқушы
кезде де, студент кезде де соны
құнттамаппын. Ақталатын түгі
де жоқ. Сол жалқаулық қой баяғы.
Алғаш 2014 жылы осы жұмысқа
орныққанда газеттен, кітаптан
оқыған ұлағатты сөздерді көк
журнал бастап, жазып жүргенмін.
Сол көк журналыма 700-ден
аса сөздер жазыппын. Нақты
саны – 769. Осы кезде күнделікті
негізінен бір емес, екі рет жазып
бастағанмын. Алайда компьютерім
сыр беріп, ақыр аяғы өшіп
тынды. Қазір жазуды қағазға
емес, компьютерге жазамыз
ғой. Бұл әрине жақсы да емес.
Бәрібір қағаздың аты – қағаз.
Әнеки, компьютерге жазып, не
әбүйір таптым. Жазып жүрген
күнделіктер өшіп қалғанда біраз
жүйке де жұқарды. Алайда өз-
өзімді қолға алып, тағы да жазуға
бел будым. Көңіліңізге жақса,
оқырсыз. Ал егер көңіліңіз соқпаса,
оған шамданып, өкпелейтін мен
емес. Ал бісміллә деп, күнделікті
жазуды қайта бастадым.
19 мамыр, 2026 жыл.
Сағат тілі: 15:25.
* * *
Бүгін Луговой ауылында ауыл
жастарының ұйымдастыруымен
ас беріліп, қазақ күресі, қол күрес,
садақ ату, асық ату секілді спорт
түрлерінен жарыстар өтті. Бұл
іс-шара жыл сайын өтеді. Биыл
10-шы рет өткізіліп отыр екен.
Бұл – берекелі бірліктің нақ көрінісі.
О й л а н а с ы ң . А д а м д а р м ен
тілдесесің. Әлемдегі геосаяси
а х у а л ды ң д а қ а н д а й б о л ы п
жатқанын газеттерден оқып,
теледидардан да естіп жатырмыз.
Осындай бейбіт күннің аспанында
іс-шара өткізген қандай жақсы.
Адамдардың, ауыл тұрғындарының
бір-бірімен емен-жарқын сөйлесіп,
қауқылдасып әңгіме айтқан сәті
көзімізге ыстық көрінді. Әлемде
қаншама ел Тәуелсіздікке қол
жеткізе алмай жүр. Шүкір, біз,
Тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.
Сондықтан егемендікті бағалаған
а б з а л. Е л д е б ей б і т ш і л і к т і ң
болғаны қандай ғанибет. Осындай
б е р е к е л і т ы н ы с — т і р ш і л і к т і
көріп, мен былтыр өмірден озған
жазушы Әкім Таразидің күнделік
жазбасынан оқыған мына сөзді
есіме алдым. Ол күнделік жазбалар
осы жылы республикалық «Қазақ
әдебиеті» газетінің 3 сәуір күнгі
№13(4012) cанында жарияланған
болатын. Сонда Әкім Тарази: «Уа,
Жаратқан ием, жер бетінде өзің
құрған, өзің еркіндік алып берген
Қазақстан деген еліңнің еңсесін
биік ете гөр.
Уа, Жаратқан ием! Тоздыра
көрме елімді, береке бере гөр, береке
бере гөр, береке бере гөр!» деп
жазыпты. Сол айтқандай, құдай
қазақты бірлігінен айырмасын.
Әрқашан береке бере гөр, береке
бере гөр, береке бере гөр!
20 мамыр, 2026 жыл.
Сағат тілі: 16:52.
* * *
Т а ғ ы д а Ә к і м Т а р а з и д і ң
күнделігінен. Жазушы күнделігінде:
«Қағида: Өміріңді де, өліміңді де
ешкімге міндет қылма, әй Әкім!»
деп жазыпты. Ойландыратын
сөз. Бірақ осыны ұғып жатқан
адамдарды көрсемші…
21 мамыр, 2026 жыл.
Сағат тілі: 15:43.
Марат ДИХАНБАЙ.
(Жалғасы бар).