Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
15 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Әке – отбасының тірегі
ғана емес, ұрпаққа бағыт
беретін жан. Осы аптада
Құлан агротехникалық
жоғары колледжінде «Әке
тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің
негізі» тақырыбында аудандық
әкелер форумы өтті. Басқосуда
әкенің отбасындағы рөлі, бала
тәрбиесіндегі жауапкершілігі
және ұлттық құндылықтарды
ұрпақ бойына сіңіру мәселелері
кеңінен сөз болды. Форумға
облыстық ардагерлер Кеңесі
төрағасының орынбасары
Жаңабай Миллионов, облыстық
ардагерлер кеңесі жанынан
құрылған әкелер кеңесінің
төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев,
аудан әкімінің орынбасары
Бақкелді Тұрсынбек, аудандық
аналар кеңесінің төрайымы
Түзел Алагөзова, ауылдық
ардагерлер кеңесінің төрағалары,
әкелер кеңестерінің төрағалары
мен мүшелері, аналар кеңесінің
мүшелері мен колледж
студенттері қатысты.
Отбасы – ұрпақ тәрбиесінің
алтын бесігі. Ал әке – сол бесіктен
басталған тәрбиені өмірлік өнегеге
ұластырып, балаға дұрыс бағыт
сілтер тұлға. Бала бойындағы жауапкершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық пен үлкенге құрмет секілді
қасиеттердің қалыптасуында әкенің
орны айрықша. Тағылымды шараны облыстық
ардагерлер кеңесі төрағасының
орынбасары Жаңабай Миллионов
сөз сөйлеп, ашып берді. Одан кейін
облыстық ардагерлер кеңесі жанынан
құрылған әкелер кеңесінің төрағасы
Сәрсенбай Мыңбаев, аудандық
әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов, аудандық аналар кеңесінің
төрайымы Түзел Алагөзова «Ұрпақтар
сабақтастығы», №1 мектеп-лицейі
директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Жанар Серкебаева «Әке жауапкершілігі», Бауыржан
Момышұлы атындағы орта мектебі
директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Асылбек Утемұратов
«Ұлттық құндылықтар» және Құлан
агротехникалық жоғары колледжінің
студенті Разы Наурызбай «Атаана мен баланың қарым-қатынасы»
тақырыптарында зерделі баяндамалар
жасады. Форум барысында әке
мен бала арасындағы қарымқатынасты бейнелейтін бейнероликтер көрсетіліп, тәрбиелік
мәні жоғары сахналық қойылымдар ұсынылды. Қатысушылар бала
тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі,
отбасындағы әке беделі және ұлттық
құндылықтарды кейінгі буынға
жеткізу мәселелерін ортаға салды.
Айдана МАҚСҰТ.