АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ 2026 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

31 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының
төрағасы Ақылбек Дәуренбеков 2026
жылдың 9 айында сот төрелігін
жүзеге асыру қорытындысы бойынша
аудандық «Құлан таңы» газетінің
тілшісі М.Диханбайдың қатысуымен
баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы сотпен атқарылған
жұмыстар туралы және қаралған істер
мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2026 жылдың 9 айында 49 қылмыстық іс 55 тұлғаға қатысты қаралған Оның ішінде 42 тұлғаға қатысты 36 іс
үкім шығарумен аяқталған.
Есепті кезеңде 588 адамға қатысты
588 әкімшілік құқық бұзушылық істері
қаралған. Оның ішінде 493 іс бойынша
әкімшілік жаза тағайындалған, 94-і
қысқартылған. Сондай-ақ, 2026 жылдың
9 айында 1518 азаматтық істер қаралып,
оның ішінде 856 азаматтық іс бойынша
шешім қабылданған. 342 азаматтық
іс өндірістен қысқартылып, оның
ішінде 324 азаматтық іс медиация
тәртібімен, 13-і бітімгершілік тәртібімен
қысқартылған. 106 азаматтық іс
қараусыз қалдырылған. Бұйрық арқылы
іс жүргізумен 211 азаматтық істер
қаралған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 37
мақала жарияланған, 8 дөңгелек үстел,
6 семинар, 2 баспасөз конференциясы
өткізілген.
Соңында төраға А.Дәуренбеков
тілшінің сот жүйесіне қатысты барлық
сұрақтарына жауап берді.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий