АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ!

26 Views

Қазақстан Республикасында
қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Оның сот
жүйесінде қолданылуы заңдылықты
нығайтуға, азаматтардың құқықтарын
қорғауға және сот төрелігінің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сот ісін жүргізу, әдетте, мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Ал
қажет болған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен басқа тілдер де қолданылады. Бұл ретте сот процесіне қатысушылардың өздері білетін тілде түсінік
беруге, өтініш жасауға, ана тілінде
сөйлеуге және аудармашының көмегін
пайдалануға құқығы бар. Бұл қағидалар
әрбір азаматтың сотта өз құқықтары
мен заңды мүдделерін толық қорғауына
мүмкіндік береді.
Қазақ тілінің сот төрелігінде кеңінен
әрі сапалы қолданылуы азаматтардың
мемлекеттік тілге деген сенімін арттырып, сот қызметінің ашықтығы мен
қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал
етеді. Сондықтан мемлекеттік тілдің
сот жүйесіндегі мәртебесін нығайту –
мемлекеттік органдардың ғана емес,
бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
У.АКПАНОВА,
Тұрар Рысқұлов аудандық соты
әкімшісі басшысының орынбасары.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий