Таза Қазақстан: Қоқыс тастаған тұрғынға айыппұл салынды Президент табиғатты сақтау жөнінде келер ұрпақ алдында ортақ жауапкершілік пен халық

21 Views

ӨТКЕН СЕНБІДЕ АУДАН АУМАҒЫНДА
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ
АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
ЖҮРГІЗІЛІП, ҚҰЛАН АУЫЛЫНДАҒЫ
Ш.ҰЛТАРАҚОВ КӨШЕСІНІҢ БАСЫНДА
СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
ӨКІНІШКЕ ҚАРАЙ, СЕНБІЛІККЕ
БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП ЖҮРГЕНДЕР
– СОЛ БАЯҒЫ БӨЛІМДЕР МЕН
МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ.
«АПТА САЙЫН СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛЕДІ»
ДЕП ХАБАРЛАП, АҢДАТПА ТАРАТСАҚ
ТА, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЗАЛЫҚ
ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСУҒА
АСЫҒАР ТҮРІ ЖОҚ. КЕРІСІНШЕ, КЕЙБІР
ТҰРҒЫНДАР АУЫЛ ІРГЕСІНДЕГІ
АУМАҚТАРҒА ҚОҚЫС ТӨГУМЕН ӘЛЕК.

Ауыр айттық демеңіз, бұған көзіміз әбден
жетті. Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын
аудан әкімі елді мекенді аралап, тазалық жағдайын
зерделеген еді. Сол кезде жауапты тұлғалар мен
заң бұзған тұрғындарға бір апта ішінде төгілген
қоқыстарды тазарту тапсырылған болатын. Иә,
тапсырма тиісті деңгейде орындалды. Алайда,
өкінішке қарай, мәселе әлі де толық шешімін
таппай отыр. Бір ай бұрын тексеріліп, тазартылған
аумақ сенбілік ұйымдастырылған күні тағы да
қоқысқа толып жатты.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов бастаған топ
мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу
және мәселені түбегейлі шешу мақсатында қоқыс
арасындағы қағаздарды тексеріп, сол көшеде
тұратын тұрғынға тиесілі банк құжаттарын тапты.
Аталған құжаттар негізге алынып, материалдар
ауыл инспекторына тапсырылды. Заң бұзған
азаматтың мекенжайы анықталып, «Заң мен тәртіп»
қағидаты аясында тиісті шаралар қабылданды.
Тұрғынға айыппұл салынып, бір тәулік ішінде
төгілген қоқысты тазарту міндеттелді. Тазалық
талабы орындалмаған жағдайда қайтадан айыппұл
салынатыны ескертілді. Дренаждарға, арықтарға және белгіленбеген орындарға қоқыс тастау –
табиғатқа жасалған қиянат. Осыған
байланысты ауыл әкімі Еркін Сейтжапаровтың бастамасымен де аталған
көше тұрғындарына ақпараттықтүсіндіру жұмыстары да жүргізілді.
Көше тұрғындары алдағы уақытта
сенбіліктерге қатысуға және заңнамада
белгіленген бес метрлік аумақты таза
ұстауға уәде берді.
«Таза Қазақстан» акциясы тек
тазалықты сақтаумен шектелмейді.
Оның аясында абаттандыру, көріктендіру және ауылдың сәулеттік келбетін
жақсарту идеялары да тоғысады.
Жақсы жаңалықпен бөлісе кет ей і к !

А л д а ғ ы  у а қ ы т т а  Қ ұ л а н
ауылына кіреберісте елді мекеннің атауы жазылған стелла орнатылады.
Қазіргі уақытта оған қатысты алғашқы
жұмыстар басталып та кетті. Жұмыс барысын зерделеген аудан әкімі
жобаны сапалы әрі уақтылы аяқтау маңызды міндеттердің бірі екенін атап
өтті. Сондай­ақ, ауыл әкіміне негізгі
жұмыстар толық аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыру жұмыстарын да
қолға алуды тапсырды.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий