БАСТЫ МАҚСАТ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
«Заң мен тәртіп» және «Қоғаммен байланыс»
жобалары аясында аудан прокуратурасы мен аудан
әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен аудан көлемінде
ардагерлер кеңесінің, әкелер және аналар кеңестері
өкілдерінің қатысуымен өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесудің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын
алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және
қоғамдық қауіпсіздікті нығайту. Талқылау барысында интернеталаяқтық, мал ұрлығы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтар, сондайақ. әйелдер мен балаларға қатысты зорлықзомбылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар интернеталаяқтықтан сақтану, мал ұрлығының
алдын алу, жасөспірімдер тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау
және отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында
пікір алмасты. Сонымен қатар атаана тәрбиесінің, қоғамдық
бақылаудың және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың
маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысында құқық бұзушылықтардың алдын алу
– баршаға ортақ міндет екені атап өтілді. Қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жолында мемлекеттік органдар мен қоғам
өкілдерінің өзара ынтымақтастығының маңыздылығы айтылды.
Заңға құрмет – тәртіптің негізі, ал қауіпсіз қоғам құру – әр
азаматтың жауапкершілігі.
АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
