Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің туыстарын іздейміз
Қазіргі уақытта Еуропа аумағында жерленген, аты-жөндері анықталған 20 мыңға жуық қазақстандық жауынгердің дерекқоры мен неміс концлагері мен әскери тұтқындар лагерінде қаза тапқан шамамен 7 000 сарбаздың тізімі қалыптастырылды.
Осыған байланысты тізімде көрсетілген Жамбыл облысында туған сарбаздардың тікелей ұрпақтары мен туған-туыстары туралы білетін ақпаратыңыз болса, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігіне 8 776 828 45 35 байланыс номері арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.
Алимбеков Байсен Алимбекович
Туған күні: 17.10.1916 жыл
Туған жері: Қазақ КСР Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Ақыртөбе ауылы
Туған өңірі: Жамбыл облысы.
Тұтқынға түскен күні: 25.06.1941
Қаза болған күні: 06.09.1942
Тұтқынға түскен жері: Ковно
Тұтқындағы жағдайы: Тұтқында қаза тапқан. Лагерь: офлаг 52
Әскери атағы: Қызыл әскер жауынгері (қатардағы жауынгер).
Туыстары туралы мәлімет:
Іздеу мәртебесі: табылмаған.
Алтембегов Еспол Алтамбекович
Туған күні: 1898 жыл (нақты күні көрсетілмеген).
Туған жері: Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Каленин ауылы.
Туған өңірі: Жамбыл облысы.
Тұтқынға түскен күні: 05.07.1943
Қаза болған күні: 10.04.1944
Қаза болған жері: Штаблак
Тұтқындағы жағдайы: Тұтқында қаза тапқан. Лагерь: шталаг X B, Лагерный номер: 206073
Әскери атағы: Қызыл әскер жауынгері (қатардағы жауынгер).
Іздеу мәртебесі: табылмаған.
