ЖОЛДАУ-2026: ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

22 Views

ЖОЛДАУ-2026: ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін ауданда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыруға арналған кеңейтілген актив отырысы өтті.

Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен жиында Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер мен оларды аудан көлемінде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Жауапты сала басшылары экономиканы дамыту, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және әлеуметтік салалар бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.

Жиында «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандарға деген қажеттілікті айқындау, құрылыс жобаларын жүзеге асыру және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне назар аударылды.

Бұдан бөлек, ауыз суды үнемдеу, жол инфрақұрылымының сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері көтерілді.

Жиын қорытындысында аудан әкімі Ернар Есіркепов Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындау қажеттігін атап өтіп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий