ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

25 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Акишева Ұлбосын Мақсатқызы 1977 жылдың 29 желтоқсанында Бірлес ауылында дүниеге келген. 1984-1992 жылдар
аралығында Бірлес орта мектебінде, 1993-1994 жылдар аралығында Алғабас орта мектебінде білім алған. 1995 жылы
Жамбыл зоотехникалық малдәрігерлік техникумына оқуға түсіп, Құлан ауылшаруашылық колледжінің ауылшаруашылық
өндірісіндегі бухгалтерлік есеп, талдау және бақылау мамандығы бойынша 1997 жылы тәмәмдаған. 2002 жылы М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2010 жылы «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша
бітірген. 2017 жылы Халықаралық гуманитарлық техникалық университетіне оқуға түсіп, 2020 жылы аталмыш жоғары
оқу орнын аяқтап, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білімін жетілдірген. 2005-2007 жылдар аралығында Құлан
ауылшаруашылығы колледжі жанындағы №2 лицейде кітапханашы қызметін атқарған. 2007-2021 жылдар аралығында
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, 2021 жылдың ақпан айынан бастап
Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Отбасылы. 3қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер! Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, ел экономикасы мен өндірісі өркендеп, ауылшаруашылығы
саласы қарқынды дами түсті. Шүкір, халықтың тұрмысы артып, дамыған елдердің санатына қосылдық. Біздің бабаларымыздың
аңсағаны да осы емес пе еді? Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханұлы «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген.
Сондықтан бұл сөздің маңызы мен құндылығын өте тереңінен түсінемін. Және де бүгінгі ұрпақ осы сөздің қадірін түсініп,
керегіне жаратса деймін.
Құрметті сайлаушылар! Депутат болу – атақты болу деген сөз емес. Сондықтан менің дүниетанымымда атақ қуу,
марапатқа кенелу деген принцип мүлде жоқ. Менің бар мақсатым – халыққа адал қызмет ету. Тұрар Рысқұлов аудандық
мәслихатына №3 сайлау округінен депутаттыққа сол үшін де түсіп отырмын. Халықтың пікірімен санасып, елдің үмітін
ақтау үшін аянбай тер төгіп еңбек ету – әрбір еңбек адамының борышы деп білемін. Ұлт болашағына алаңдайтын азаматтар
көп. Соның бірі – менмін десем болады. Егерде Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттық мандатына ие болып
жатсам, жеке бастың мүддесі емес, елім үшін, мені сайлаған сайлаушылардың мүддесі үшін қызмет істейтін боламын. Бар
білімім мен осы уақытқа дейінгі жиған тәжірибемді соған жұмсаймын. Өзімнің сайлауалды бағдарламама мынадай пункттерді
де енгізіп отырмын.
1. Ауыл шаруашылық саласын дамыту, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілеріне мемлекеттік қолдаудың жаңа
тетіктерін енгізу – басты депутаттық қызметімнің біріне айналады.
2. Мал шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған мол мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану, бәсекелестікке қабілетті
сапалы өнім шығаруға ұмтылу.
3. Округтегі әрбір мәселенің шешу жолдарын қарастыру – менің басты мүдделемнің бірі болмақ.
4. Өз округімдегі мектептердің сапалы білім берулері үшін материалдық-техникалық базаларын жақсарту мәселесі де
менің ұдайы назарымда болады.
Құрметті сайлаушылар! Жергілікті тұрғындарың мұң-мұқтажы мен ұсыныс-тілектерін тыңдап ескеру – әрқашан менің
назарымда болмақ. 29 қарашада маған дауыс беріңіздер.

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий