24 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Құрылыс жұмыстарымен танысты
658 Views
Осы аптаның басында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов жұмыс алгоритміне сәйкес, бірнеше құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Биыл Луговой ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 13 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған 13 көшенің бірі – Теміржолшы көшесі. Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы жұмыс сапары барысында дәл осы Теміржолшы көшесіне арнайы барып, ондағы істелініп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігерлермен тілдесіп, жұмыстың сапалы жүргізілуіне баса мән беру керектігін алға тартты.
Сонымен қатар, аудан басшысы Луговой ауылында іргесі қаланып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Каменка ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен танысып, оның жүргізілу барысы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

