Түрленген Түркістанды тамашалады

569 Views

Тасын түртсең, тарихы сөйлейтін туған жеріміз бар. Шүкір! Қаймағы бұзылмаған қазақтың қай өңіріне барсаңыз да өткен күндермен бір сырласуға мүмкіндік аласыз. Дәл осындай мүмкіндікті күні кеше бір топ құландық ардагерлерге Құлан ауылы әкімі мен бірқатар кәсіпкерлер сыйлады.
Өткен аптада ардагерлер Түркістан жеріне барып, саяхаттап қайтты. Сапардың шығынын ауданға белгілі кәсіпкерлер көтерді. Атап айтар болсақ, олардың қатарында Е.Тойғанбеков, Б.Барлыбаев, Р.Әбдіқадыров секілді жомарт жандар бар. Сондай-ақ, бұл тізімге Нұрлан Тастанбеков пен Теміржан Түйебаевты қосуға болады.
Айта кетейік, Құлан ауылының ардагерлері дәл осындай форматтағы сапарларды сәт сайын ұйымдастырып тұрады. Бұдан бұрын олар тарихы тереңде жатқан Тараз жерін аралаған болатын. Енді міне, түрленген Түркістанға барып, Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи кесенелерін көріп, ерекше әсер алды.
Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы бойынша атқарылатын дәл осындай жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: