Аудандағы алма бақтан 600 тонна өнім жиналды

468 Views

Т.Рысқұлов ауданында барлығы 331 гектар аумаққа алма ағаштары отырғызылған. Оның 301 гектары жеке кәсіпкерлердің иелігінде болса, 30 гектары үй іргелерінде орналасқан. 150 гектар аумақты алып жатқан қарқынды алма бағы биыл екінші жыл қатарынан жемісін беріп отыр.
Алма бақ әу баста 800 тонна өнім береді деп күтілсе, бүгінгі күнде 600 тонна өнім жиналған.
2018 жылы басталған бұл жоба «SV AGRO» ЖШС-не тиесілі. Бүгінгі таңда аталған бақ тынымсыз еңбектің, күтіп-баптаудың арқасында жапырақ жайып, мәуелеп тұр. Серіктестік шаруашылығына озық технологияларды енгізген, оның үстіне жиын-терім кезінде жергілікті тұрғындарды маусымдық жұмыстарға тартады.
Айта кетерлігі, биыл Т.Рысқұлов ауданында бұдан бөлек 1,7 гектар аумаққа құлпынай, 30 гектар жерге таңқурай, 2 гектарға қарақат және 156,8 гектар алқапқа шие ағаштары өсірілуде. Соның ішінде, шиеден 179 тоннаға жуық өнім жиналып, оны аудан тұрғындары өз қажеттеріне пайдаланды. Ал құлпынайдың әр гектарынан 36,8 тонна өнім шықса, қарақаттың гектарынан 40,6 центнер өнім жиналған.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: