23 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Ұлттың ұлы ұстазы
851 Views
Құмарық ауыл аймақтық кітапханашыларының ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті-ағартушы педагогы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби буриме Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінің көрермендер залында болып өтті. Әдеби буримені өткізудегі мақсатымыз – алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру, оның әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу. Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы туралы Алғабас ауылдық кітапханашысы Рита Аубакирова әзірлеген слайд, видео-роликтерді оқушылар аса қызығушылықпен тамашалады. Әдеби буриме барысында «Алма ағашы» мен «Шеше мен бала» атты әңгімелерінен көріністер қойылды. «Даланың дара ұстазы» атты кітап көрмесіне Құмарық ауылдық кітапханашысы Нұрлы Талқанбаева мен Қонаев ауылдық кітапханашысы Жанат Баягизовалар шолу жасады. Құмарық ауылдық балалар кітапханашысы Гулнора Базарбаева «Жылдар сөйлейді» атты викториналық сұрақ-жауап ойнатты. Іс-шара соңында Сатмухан Алихан өзінің патриоттық әндерін орындаса, Дәулен Ботагөз қазақтың күйлерімен сусындатты. Әдеби буримеге белсенді қатысқан оқушылар: Айдын Тұрғынбек, Қарақат Ерғали, Ботагөз Даулен, Нұрай Мадешова, Ақжүніс Қыдырбай, Ерсейіт Андасбек, Жания Қуанышбекова. Іс-шара соңында қатысушылардың бәріне ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Г.Базарбаева,
Құмарық ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы.

