Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
«Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Еліміз егемендік алған сәттен бастап жастар саясатын мемлекеттің басым бағыты ретінде белгілеген.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты қамқорлығының арқасында жастардың дамуы мен әлеуетін жүзеге асыруына берік негіз қаланды. Қазір Қазақстанда 14 пен 29 жас аралығындағы 3,7 млн адам өмір сүреді, бұл халықтың 20 пайызына пара-пар. Тәуелсіз Қазақстан жастары – бұл өз елінің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің мызғымастығын толығымен сезінген жаңа формацияның адамдары. Бұл еркін ойлап, жауапкершілікпен әрекет ете білетін құбылмалы әлеуметтік экономикалық жағдайларға шұғыл әрі ұтымды жауап бере алатын, өмір сүру сапасы стандарттарын үнемі жетілдіріп, жақсартуға ұмтылып отыратын жаңашыл жандар.
Меніңше, бүгінгі жастардың бойында білім алу, өзін-өзі табу әрі дамыту, саяхаттау, отбасылық құндылықтарға жауаптылық және индивидтік миссиясын алып шығу приоритеттері алдыңғы шепте қалыптасып келеді.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік құрылымдарды қоса алғанда, барлық табысты ұйымдар тұрақты түрде адам ресурстарын басқару механизмдерін жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар, басқару сатысының барлық деңгейінде неғұрлым талантты қызметкерлерді тартуға, көмектесуге және ұстап тұруға тырысады. Жас талантты қазақстандықтарды қолдау және ілгерілету үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы «Президенттік жастар кадр резерві» жобасы іске асырылды. Бұл жоба барынша дайындықтан өткен және тәжірибелі жастарға мансап жолында ілгерілеудің бірегей мүмкіндігін ұсынды.
Биылғы жылы облыста алғаш рет жастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған 2025 жылға дейінгі «Әулиеата жастары» атты жастар бағдарламасы қабылданды.
Сонымен қатар «Әулиеата жастары» облыстық жастар энциклопедиясын жыл соңына дейін шығару жоспарланып отыр. Бұл энциклопедияда жастар саясатының дамуына үлес қосқан, Жамбыл жерінің атын әлем шығарған, барлық сала өкілдері қамтылған.
Тәуелсіздік жылдарында көптеген сынақтан өткен біздің аға буын, дағдарыстық әрекеттен жол таба білудің бірегей мүмкіндігін бізге көрсетіп келеді. Сәйкесінше, бірлігімізді сақтау мен оны нығайту жолындағы нық қадамдар негізгі ұстанымымызға айналды.
Біз, белгіленген бағытты ұстана отырып, қазіргі Қазақстанның бізге берген мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бар күшімізді саламыз.
Біз барлық жаңашылдықтың көшбасында болуға ұмтыламыз, бар күшімізді өзін-өзі дамытуға, аса маңызды саяси-қоғамдық мәселелерді шешуге белсене араласуға жұмсаймыз.
Барлық саладағы өмір салтының жаһандық өзгерісі жүріп жатқан кезеңде біздің жастарымыздың өз мүмкіндігін жүзеге асыра алуы, қоғамда өз орнын таба білуі және әлеуетін ашуы аса маңызды.
Айбек Сәрсеханұлы,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры.