1 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Алғыс хат иеленді
1 016 Views
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу құрметіне орай рухани сала қызметкерлері де Үкімет тарапынан көптеген марапаттарға ие болды. Сондай марапаттардың бірін ауданымыздың имамы Сұлтаншәріп Жадыраевқа Қазақстан Діни басқармасының облысымыздағы өкіл имамы, «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев табыс етті. Алғыс хатта: «Құрметті Сұлтаншәріп қажы Жадыраев мырза! Сізге Қазақстан халықтары Ассамблеясы еліміздегі рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты, гуманистік мұраттарымызды нығайтуға қосқан белсенді еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз» деген сөздер бар.
Бас Ассамблеяның осындай алғыс хаты облысымызда төрт адамға беріліп отыр. Біз марапат иелерін алған алғыстарымен шын жүректен құттықтаймыз.
«Құлан таңы» ақпарат.

