Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
22 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Қорағаты ауылында дүниеге келген. Танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014 жылы), Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (2002), Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері.
1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, 2000 жылы Қостанай облыстық драма театрына дипломдық қорғауға жіберілді. Ал 2001 жылы диплом алып, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актер болып жұмысқа орналасады.
2018 жылдың 27 желтоқсанынан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалған. Сондай-ақ жерлесіміз 2017 жылы «Cinema 28» киностудиясын және «28 THEATRE» атты жеке театрын ашқан.
Жерлесімізді жаңа қызметке орналасуымен шын жүректен құттықтаймыз. Деніне саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Жәнібек СҰЛТАН.