Қош келдің, әз-Наурыз!

483 Views

Адам мен адамды, ұлт пен ұлысты жақындастыратын мереке, ол – әз-Наурыз. Сондықтан болар, бағзы заманнан халықпен бірге жасасып, жақсылықтың жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күнін ел халқы ерекше тойлайды. Бұл айда күннің нұры төгіліп, қар көбесі еріп, Күн мен Түн теңеледі. Наурыз – жүрекке жылылық, көңілге қуаныш сыйлайтын қазақтың ұлттық мерекесі.
Ұлыстың ұлы күніне орай Көгершін ауылындағы «Ақбота» бөбекжай-бақшасында «Қош келдің, әз-Наурыз» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында «Бесікке салу», «Тұсаукесер» секілді рәсімдер көрсетілді. Бүлдіршіндер арасында арқан тартыс, білектесу, асық ату ойындары ойнатылып, жүлдегерлер анықталды. Қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкерлері Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай туралы көрсетілген көріністе іс-шараның сәнін келтірді. Ән айтылып, бүлдіршіндеріміз би биледі.
Іс-шара соңында наурыз көже беріліп, ақ дастархан басында өнегелі әңгіме айтылды. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ардақты ағайын!

Бақыткүл Саймасаева,
«Ақбота» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.

Поделиться ссылкой: