«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының 2022 жылы іске асырылуы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агрокәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылдың 4 наурызында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың «Т.Рысқұлов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қолдау шараларын 2022 жылы ұсыну туралы» 15-6 шешімі қабылданды.
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан) оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ, азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайтынын хабарлаймыз.
Бюджеттік кредиттер теңгемен он бес жылға дейінгі мерзімге 0,01% мөлшеріндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы үшін кейіннен ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, бере отырып, кредиттік шарттар жасасу арқылы беріледі.
Жоғарыда көрсетілген салалардағы, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналасқан, сұранысқа ие мамандықтардың тізбесіне сай қызмет алушылар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ЦОН) төменде көрсетілген құжаттарды ұсына алады:
1) Көтерме жәрдемақы алған кезде :
– нысан бойынша өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжат;
– білімі туралы дипломының көшірмесі;
– жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі.
2) Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
– нысан бойынша өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжат;
– білімі туралы дипломының көшірмесі;
– жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;
– сәйкестендіру үшін неке қиюды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
– кредиттік бюродан есеп.
Аудан әкімдігінің экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі.