Айару үздіктер қатарынан көрінді
36 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жерлесіміз Ернар Орынбасарұлы Еділбаев «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды. Жерлесімізді айтулы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еділбаев Ернар 1990 жылдың 25 қыркүйегінде Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Ақыртөбе орта мектебін аяқтап, сол жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға түседі. 2015-2018 жылдар аралығында резидентура, анестезиология және реаниматология бойынша білімін жетілдірген. 2018 жылдан бастап, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінің анестезиолог дәрігері болып қызмет етіп келеді.
Айта кетейік, Ернар Орынбасарұлы қасіретті қаңтар қақтығысы кезінде ауруханаға түскен жандарға барынша көмек көрсетіп, емдеу шараларына айрықша атсалысқан. Халық денсаулығын сақтау барысында мамандығына адалдық танытып, күні-түні тынбай, жансақтау бөліміндегі науқастарды өлімнен арашалап қалу үшін барын салған.
«Құлан таңы» ақпарат.