ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мен Жамбыл облысының әкімі шаруалармен кездесті

246 Views

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев облыс әкімі Нұржан Нұржігітовпен бірге өңірдегі шаруалармен кездесті.
Министр облыста ауыл шаруашылығы саласының табысты дамып келе жатқанын айтып, бүгінгі таңда көктемгі дала жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу – басты міндеттердің бірі екендігін жеткізді.
– Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тұқымдармен қамтамасыз етілді. Минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 760 мың гектар жерге егіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда тоғыз мың гектарға артық. Мен өзім бірқатар ауданды аралап, жергілікті жерлердегі жағдайлармен таныстым, шаруалармен бірге өзекті мәселелерді талқыладық, – деді Ербол Қарашөкеев.
Ол ел Үкіметі мен ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен агросекторды қолдау, инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілетінін хабарлады.
– Президенттің тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөлінуде. Биыл мемлекет тарапынан 310 млрд. теңге субсидия қаралды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосымша 298 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді, – деді Ербол Қарашөкеев.

қатарында егіншілік депар­та­ментінің директоры Азат Сұл­танов, Аграрлық азық-түлік нарығы және ауыл ша­руа­шылығы өнімдерін қай­та өңдеу департаментінің дирек­торы Назгүл Хатепова, жер ре­сурс­тарын басқару комитеті төр­ағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина, Мал шаруашылығы де­партаменті директорының орынбасары Ерлан Ілиясов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы дирек­торы Айгүл Жұбанышева, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев бар.
– Мемлекет жыл сайын ауыл ша­руашылығы саласын қолдау ша­раларын арттырып келеді. Бүгінгі жиынның нәтижесінде көптеген өзекті мәселелер шешімін табатынына сенімдімін. Біздің басты мақсатымыз – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп түйіндеді өз сөзін аймақ басшысы.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: