Жемқорлық – індет, Жою – міндет

481 Views

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигі­зетін індет. Сыбайлас жем­қорлықпен күресу – бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Қа­зақстан Республикасының мем­лекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі жемқорлықпен күресу болып табылады. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық. Дегенмен, бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сы­байлас жемқорлыққа қарсы мә­дениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып, жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қай­шы келетін әрекеттерді жа­сауға жол бермейді. Қара­пайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қыз­мет дәрежесін жеке мақ­сатта пайдалану. Осы ке­леңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәр­биесіне зиян болатындығы бәрі­мізді алаңдатады. Бұл мәсе­леге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіп­сіздікке үлкен кесірін тигізеді. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз.

С.Ускенбаев,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

Поделиться ссылкой: