Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Адамзат баласының ең құнды дүниесі – кітап. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл ойының жемісі. Әлемге танымал ұлы Шекспирдің өзі кітап жайлы «Кітап маған тақтан да қымбат» деген екен. Ал кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны өмір қажеттілігіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімінің парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі десем қателеспегенім. Қазақ жазушылары болашақ ұрпағы үшін қаншама том-том кітаптар жазып кетті. Соның ішінде М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдары», Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тері», Ш.Мұртазаның «Бір кем дүниесінің» бізге берер азығы мол деп білемін.
Менің кітапқа деген қызығушылығымды әкем оятты. Әкем газет-журналдарды, кітап оқығанды жақсы көреді. Менің әкем үнемі кітап немесе газет оқып отырады. Маған үнемі «мына жазушының немесе ақынның кітабындағы оқиғалар мен өлеңдер жақсы әрі түсінікті жазылыпты» деп айтып отырады. Жоғары оқу ордасына оқуға түскенде кітапқа деген махаббатым тіпті ашыла түсті. Мен әлеуметтік желімен емес, кітаппен өмірімді байланыстырамын. Әлеуметтік желіде барлығы алдамшы дүниелер, ал кітапта бәрі шынайы берілген.
Айталық, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемге танымал. «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» деп Луи Арагонның өзі жоғары бағасын берген ол роман-эпопеяға. Міне, біздің осындай жазушылардың шығармалары әлемдік тілдерге аударылып, өзінің жоғары бағасын алып та үлгерді. Жастарымыздың әлеуметтік желіге емес, кітапқа үңілгені жақсы болар еді. Өйткені, мына заман біліктілердің заманы. Білікті болу үшін білім керек. Ал білім тек кітап оқу арқылы адам бойына дариды. Ғабит Мүсірепов атамыздың «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген ұлағатты сөзі бар. Осы сөздің астарында қаншама ой жатыр десеңізші!..
«Артық білім кітапта,
Ерінбе оқып көруге» деп ұлы Абай жырлағандай, ерінбей білім алуға асығайық. Кітаппен дос болған адам дүниенің ғажабын танып біле алады. Сондықтан білімнің көкжиегін тек кітаптан ғана табатынымызды ұмытпайық.
Зухра Пернебекова.