Орманды қорғау оның басты миссиясы

121 Views

Орманшы – табиғатты қорғап, ормандардың дамуына үлес қосатын ерекше маман. Олардың өмір жолы – табиғатқа адал қызметтің, жауапкершіліктің және еңбектің символы.

Табиғатқа жанашырлық – жүректен басталады. Оны өмірлік міндетіне айналдырып, орман мен жануарлар дүниесін қорғауға бар ғұмырын арнаған жандардың бірі – Керімжан Әбдуғапарұлы. Ол осы салада 32 жыл бойы адал еңбек етіп келеді. Сондай-ақ, ол табиғатты қорғаудағы еңбегі мен қажыр-қайраты үшін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және «Еңбек даңқы» медальдарымен марапатталған.

Айта кету керек, қазіргі таңда Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемеде 79 адам қызмет атқарып келеді.

– 1993 жылы «Луговой ормандарды қорғау және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесіне» механизатор болып жұмысқа кірдім. Негізгі мамандығым – механизатор. Осы орман шаруашылығында 32 жыл қызмет етіп келемін. Орманшы қызметіне ауысқаныма 3 жыл болды. Ең алдымен орманшы болу үшін табиғатты сүю керек. Сонымен бірге еңбекқорлық, шыдамдылық қасиеті де керек. Күнделікті жұмысым орманды қорғау.  Өзіме бекітілген орман­ды аралап, көктем мезгілінде ағаш отырғызып, оны күтіп қараймын. Өрт болмас үшін тазалыққа қараймын. Заңсыз ағаштарды кескен адамдарға хаттама жазамын. Жастарға айтарым, табиғатты қорғап, ағаш отырғызуды әдетке айналдыру керек, – дейді Керімжан Әбдуғапарұлы.

А. Мұратбетқызы.

 

Поделиться ссылкой: