Кеңейтілген отырыс өтті
14 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
№ 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, жалпақсаздық жас өрен Айбын Айбас Жаңатас қаласында өткен бокстан КСРО және Азия жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Умирбековтің жүлдесіне арналған республикалық турнирде 36 келі салмақ дәрежесінде жүлделі II орынға ие болды. Осы жарыстағы жетістігінен соң, Айбын «Спорт шеберлігіне үміткер» атанды. Айта кетейік, бұл турнир 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтті.
Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 8-ші сыныбында оқитын Айбынның бокспен айналысып жүргеніне 1-ақ жыл болыпты. Бапкері – Абзал Шығанбай. Айбынмен тілдестік. Ел мақтаныштары Геннадий Головкин, Қанат Ислам ағалары секілді даңқты боксшы болғысы келетінін айтты ол өз сөзінде. Айбын негізінен ара қашықтықты сақтай отырып жұдырықтасқанды ұнатады екен. «Коронный удар» деп жатады ғой боксшылар. Яғни, Айдынның жақсы көретін әдісі – «Бір-екі-үш» соққысы. Бапкер Абзал Шығанбайдың айтуынша, бокс үйірмесіне қатысатын тәлімгерлер күніне 2 сағат жаттығу жасайды екен. Осылай үздіксіз еңбектене берсе, Айбынның болашағы жарқын болары анық.
Жаңатас қаласындағы дәл осы жарыстан № 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Нұраділ Жолдас, Бақыт Набиқұл және Абдулхафиз Иманалы да жүлделі II орын жеңіп алса, Айдар Жалғасбай жүлделі III орынды иеленді. Жас өрендеріміздің осындай жетістікке жетуіне бірден-бір себепкер ол – бапкерлер құрамы. Сондықтан Бақытбек Толымбетов, Абзал Шығанбай, Әлібек Исақұл және Дидар Кекежановқа қалай мақтау айтсақ та жарасады.
М.Диханбай.