288 Views
Өткен жұмада аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылатын жұмыстардың барысын нақтылау мақсатында «Бидайшы» шаруа қожалығының көтерме сауда орнын және аудан орталығындағы «Қаракөз» сауда дүкенін аралап, кәсіпкерлермен жеке пікір алмасты.
Жеке кәсіпкер «Бидайшы» ШҚ 14700,0 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, тауарларды шекті бағадан төмендетіп сатылымға шығаруда. Аталған көтерме сауда орны ауданды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, жеміс-жидек және көкөніспен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жасауда. Жыл басынан бері 50 тонна картоп, 25 тонна сәбіз, 18 тонна пияз, 6000 литр сұйық май, 5,5 тонна қырықкабат, 5,5 тонна тұз, б,5 тонна күріш, 19 тонна қаракұмық, 5 тонна тауық eтi, 9000 дана жұмыртқа сатылған.
Қазіргі таңда қоймадағы 5 тонна картоп 220 теңгеден, 2,5 тонна пияз 200 теңгеден, 1 тонна сәбіз 225 теңгеден, 1 тонна қырыққабат 220 теңгеден, 2 тонна шекер 510 теңгеден, 3 тонна тауық еті 1100 теңгеден, 1 тонна қарақұмық 480 теңгеден және де 5000 дана жұмыртқа 36 теңгеден саудалануда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда орталығындағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына зер салған аудан басшысы тауарлардың белгіленген шекті бағада сатылуы туралы жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Поделиться ссылкой: