НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР !

317 Views

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып, жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022 жылдың сәуір айының 25-нен бастап, халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізілуде.
Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қару мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 6 айлық есеп көрсеткішінен 100 айлық есеп көрсеткішіне дейін сыйақы белгілеп отыр. Бұл заттарды аймақтық ішкі істер бөлімдерінде қабылдайды.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады.
Сондай-ақ, халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясына қатысты сауалнамаларыңыз бойынша Т.Рысқұлов аудандық ПБ-нің азаматтық қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция майоры Н.Турарбекпен (2-16-91 және 8777-783-73-58) байланысып, кеңес алуға болады.

Т.Рысқұлов АПБ-нің мекен-жайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, № 57.
Т.Рысқұлов АПБ-нің кезекші бөлімі.
ТЕЛ: 2-16-91 немесе “112”.

Поделиться ссылкой: