Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару мемлекеттік қызметі енді тек онлайн режимінде көрсетіледі. Қызметтерді алу үшін egov.kz порталында авторизациядан өту қажет, кейін » Әскери есеп және қауіпсіздік/Әскери қызмет» қосымша бетінде тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдау қажет. Әрі қарай, ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, әскери есепке қою немесе одан шығаруды таңдап, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). Қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу нәтижесімен Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін электрондық құжат нысанындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару туралы хабарламамен немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаппен таныса алады. Мемлекеттік қызмет тегін, 4 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім.