ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ КІМДЕРГЕ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ?

329 Views

Қазақстан Республикасы Үкіметі­нің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 Қаулысына және Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі №59-5 шешіміне сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі көрсеті­леді. Тұрғын үй көмегі Т.Рысқұлов ауда­нында тұратын Қазақстан Республика­сының аумағында меншігінде 1 (бір) тұрғын үйі бар, тұрақты тіркелген және аз қамтылған отбасыларға (аза­маттарға) тағайындалады. Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау осы тоқсанның ішінде жүргізіледі. Жеке меншігінде біреуден артық тұр­ғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үй жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті www.egov.kz «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арнал­ған үкімет» мемлекеттік корпорация­сы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ЦОН) барып, төмендегі құжатттарды ұсыну қажет:
– Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (тұпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
– Отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпа­раттық жүйелерден алынатын мәлі­меттерді қоспағанда);
– Жұмыс орнынан айлық табыста­ры туралы анықтама немесе жұмыс­сыз адам ретінде тіркелуі туралы анық­тама (тиісті мемлекеттік жүйелер­ден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
– Балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
– Банктік шоты;
– Тұрғын үйді күтіп-ұстауға ар­налған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
– Коммуналдық қызметтерді тұты­ну шоттары;
– Телекоммуникация қызметте­рі үшін түбіртек-шот немесе байла­ныс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.
Мүгедектерді, күндізгі оқу ныса­нында оқитын оқушыларды, курсанттар мен магистранттарды, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдар­ды растайтын құжаты болған жағдай­да, үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есеп­теу «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республика­сы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және Инфрақұрылымдық даму ми­нистрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібіне сәйкес анықталады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері те­лекоммуникация желісіне қосыл­ған телефон үшін абоненттік төлем­ақының, жеке тұрғын үй қорынан жер­гілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігін­де кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметте­рін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыс­тарының жергілікті өкілді орган­дар белгілеген шекті жол беретін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының (азаматтың) шекті ұйғарымды шығындарының үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Д.Расилов,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Әлеуметтік көмек беру және қаржы секторының бас маманы.

Поделиться ссылкой: