Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Құрметті аудан жұртшылығы, қымбатты жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Біздің жеткен жетістіктеріміздің түп қазығы татулық пен бірлігімізде.
Елімізде бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Ауданымыздағы 20-дан астам ұлт өкілдері жергілікті халықпен етене араласады. Олар бір үйдің баласындай татулықты ту етіп, қуатты Қазақстанда ғұмыр сүріп жатыр.
Бұл ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге.
Осындай мерейлі мерекеде шын жүректен баршаңызға бақ-береке, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық, кемел келешегімізді нығайтудағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Әрқашанда еліміздегі ұлтаралық татулық берік, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын!
Еліміздегі халықтар бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілейміз! Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін!