ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ
53 ViewsМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай…
Т.Рысқұлов ауданы аумағында маңызы бар автокөлік жолдардың ұзындығы жалпы – 673,43 шақырымды құрайды. Оның ішінде 96 шақырым республикалық маңызы бар жолдар, облыстық маңызы бар жолдар –100 шақырым, аудандық маңызы бар – 100,03 шақырым, елді мекен мен көше жолдары – 377,4 шақырым құрайды.
Бүгінгі күнде автомобильсіз заманауи өмірді елестету мүмкін емес. Шет елдерден әкелінетін және елімізде шығарылатын автокөліктер саны жылдан-жылға артып келеді. Бірақ өкінішке қарай, соның салдарынан жол-көлік оқиғасының саны да артып барады. Жол-көлік оқиғалары барлық апаттардың көп бөлігін құрайды. Көлік жүргізушілердің жол ережелерін толық сақтамауынан, қауіпсіздік талаптарын дұрыс орындамайтындықтан жолдарда мерт болғандардың және жараланғандардың саны ұлғайды.
Мысалы, Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында 2022 жылдың 5 айында «Адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкелген» жол-көлік оқиғаларының саны 47 (2021 ж. 29) 62,1% өскен, қаза болғандар 13 (2021 ж. 11) 18,2% артқан. Жарақат алғандар 78 (2021 ж. 37) +110,8% өскен.
Жол-көлік оқиғаларына талдау жүргізіліп жатыр. Сол талдау нәтижесінде жаяу жүргіншіні қағып кету – 11, аударылғандар – 17, тұрған көлікке соқтығысу – 1, бүйірден соқтығысу – 5, бір бағытта соқтығысу – 9, басқа себептермен соқтығысу – 2, басқа жерге соқтығысу – 1, жылдамдықты асыру – 24, маневрін жасау – 4, ЖҚЕ өрескел бұзған – 9, қашықтықты сақтамау – 9, алкагольдік ішімдігін ішіп басқару – 1 оқиға тіркелген.
Әрине бұл жұмыстар осымен тоқталмайды. Алайда, сіз, жаяу жүргінші, автокөлік, велосипед немесе басқа да көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жол қозғалысының қатысушысы болып табыласыз. Сол себепті, жол қозғалысы ережелерін білу – аса маңызды.
Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі.