Қарақыстақ тау шатқалында өткізілді

446 Views

Жақында аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтің басшылығымен «2022 жылға арналған Жамбыл облы­сының аумағындағы азаматтық қор­ғау саласында оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу жоспарына» сәй­кес кешенді оқу-жаттығу өткізілді. Бұл оқу-жаттығу практикасы Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы орын ал­ған төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша аудандық азаматтық қорғау күштері мен жергілікті атқару­шы органдарының іс-әрекеттерін авария­лық-құтқару қызметтері мен тұрғындардың іс-әрекеттерін жетілдіру тақырыбына арналды.
Жаттығу барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Еспенов пен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Н.Кадырханов орталық аланда сапқа тұрғызылған шұғыл әрекет ету топ­тарының дайындығын тексерді. Бұл азаматтар қорғаудың күштері мен құралдарын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі тапсырмалардың орындалуын, құралдардың дайындықта ұсталуын тексерді.
Тұрар Рысқұлов ауданының аума­ғындағы жойқын жер сілкінісі салдарын жою, қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойын­ша азаматтық қорғау күштері мен жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттері бойынша оқу-жаттығуға жедел әрекет ету жасағынан 58 адам, 18 техника қатысты. Жедел дәрігерлік көмек көрсету тобынан 8 адам, 2 техника, қоғамдық тәртіпті сақтау тобынан 7 адам, 3 техника, азық-түлікпен қамтамасыз ету тобынан 2 адам, 1 техника, транспорттық ава­риялық-құтқару тобынан 2 адам, 2 техника, электр жүйелерінің апаттық-техникалық тобынан 7 жеке құрам, 2 техника, байланыс жүйелері апаттық-қалыптастыру тобынан 5 жеке құрам, 1 техника, өртке қарсы қызмет тобы­нан 7 жеке құрам, 1 арнайы техника, газ жүйелері авариялық коман­да­сынан 4 жеке құрам, 1 арнайы техника, эпидемиологиялық қызмет тобынан 7 жеке құрам, 1 техника, «Құлан Энерго Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынынан 5 адам 3 арнайы техника, Луговой трассалық медициналық құтқару пунктінен 4 адам 1 арнайы техника қатыстырылды.
Жаттығудың тәжірибелік бө­лігі Қарақыстақ ауылының тау шат­қалында өткізілді. Бұл жаттығудың басты мақсаты – төтенше жағдайдың зардаптарын жою және ауданның басшы құрамы, басқару органдары, азаматтық қорғау құрамаларының жоғары үйлесімді жұмыстарын шынықтыру, тәжірибе алмасу. Жаттығу барысында аудандық шұғыл әрекет ету топтары өздеріне жүктелген тапсырмаларды нақты және уақтылы орындады. Жаттығу қорытындысы бойынша Жамбыл облысы, Төтенше жағдайлар департаментінің, Азаматтық қорғау басқармасынан келген бақылаушылар «жақсы» деген баға берді.
«құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: